«Астана» командасы 2022 жылғы маусымда өнер көрсетуін жалғастырады
2022 жылғы Әлемдік турдағы «Астана» велокомандасының болашағы белгілі болды. Қазақстандық серіктестер келесі маусымда акционер және титулдық демеуші ретінде жобаны қолдауды жалғастыратындарын растады.
Александр Винокуров 2022 жылы команданың спорттық жетекшісі қызметіне қайта оралады және шабандоздар мен қызметкерлердің тізімін жасақтау, сондай-ақ жобаның барлық спорттық іс-шараларын жоспарлау қызметін атқаратын болады.
Қазіргі таңда команда әлемнің жоғарғы лигасындағы веложарыстардың 17-ші маусымына дайындық үстінде және жақында келісім-шарттарды ұзарту туралы хабарлайды. Сондай-ақ жаңа шабандоздармен келісімге қол қояды.