Back To Top

Кюсю туры. Иван Смирнов шешуші кезеңде жеңіске жетіп, жалпы есепте үшінші нәтиже көрсетті

Astana Qazaqstan Team командасында тағылымдамадан өтіп жатқан Иван Смирнов Жапонияда «Тур Кюсю» көпкүндігін тамаша аяқтады. Смирнов жарыстың соңғы, үшінші кезеңінде спринтте жеңіске жетті. Сонымен қатар, Astana Qazaqstan Team шабандозы аталмыш жарыстың қорытынды жалпы классификациясында үшінші орынға ие болды.

Astana Qazaqstan Team командасының тағы бір шабандозы Антон Чармиг жалпы есепте төртінші нәтиже көрсетті.

«Біз кезең өте қиын болады және шешуші рөл атқарады деп күттік. Сондықтан жоғары бәсекелестікке дайындалдық. Дегенмен, соңғы екі айналым өте қиынға соқты. Әр асуда шабуылдар бірінен соң бірі толастамады. Бүгін біз жалпы классификация үшін күрескен Антон Чармигке көмектесіп, оны шабуылдайтын позицияға шығардық. Нәтижесінде мәреге 15 шақырым қалғанда соңғы асуда шабуылға шықты. Мен үшін бұл асу жолы тым қиын болды. Сәл ғана жетпей қалды. Сондықтан шыңға 250 метр қалғанда топтан қалып қойдым. Өкінішке қарай, Антонның шабуылы сәтті болмады. Мәреге бірнеше шақырым қалғанда олардың тобын шабандоздар қуып жетті. Бірақ, мен мәре сызығына жетпей топқа қайта оралдым. Ол кезде пелотон онша үлкен емес еді. Сондықтан мен Александр Винокуров пен Антон Кузьминнің қолдауымен тез алға жылжып, спринт үшін жақсы позицияға жайғастым. Спринтте 100% барымды салып, жеңіске жеттім. Сол үшін өте қуаныштымын. Жарысты жеңіспен аяқтау сондай тамаша. Ал бонустық секундтардың арқасында біз жалпы есепте үшінші орынға ие болдық. Бұл жақсы бонус», – деді Иван Смирнов.

Photo credit: @SprintCycling