Тур де Франс. Уго Уль 10-кезеңнің ең белсенді шабандозы
150 шақырымнан астам жарыс жолын көшбасшы топта өткізген Уго Уль «Тур де Франстың» оныншы кезеңінде ең белсенді шабандоз жүлдесіне ие болды. Тағы бір шабандозбен бірге Уль 200 шақырымдық жарыс жолының алғашқы шақырымында көш бастады. Финалға таяу пелотон қашқындарды қуып жете бастады. Бірақ Astana – Premier Tech шабандозы өзінің жауынгерлік рухын көрсетіп, барынша алға ұмтылды. Нәтижесінде, біраз уақытты жалғыз жүріп өткеннен кейін, мәреге 35 шақырым қалғанда оны пелотон қуып жетті.
«Мен «Тур де Франсқа» ағамды еске алу кезеңінде жеңіске жету үшін келдім. Осы кезең қорытындысы бойынша алған жүлдеден кейін мақсатыма бір қадам жақындадым деп ойлаймын. «Тур де Франс» кезеңінің жеңіс тұғырына көтерілдім. Шабуылға шыққан кезде, басқа шабандоздар да қосылады деп үміттендім. Бірақ олай болмады. Біз тек екеуіміз ғана алға кеттік. Бірақ, ештеңе болмады. Алға озғаннан кейін тек жарысты жалғастыру ғана қалады. Олар бізді ертерек қуып жетті. Финалда жел соғып тұрғандықтан, пелотонға алға озғандарды қуып жету оңай болды. Қалай болғанда да, екеуіміздің қолымыздан ештеңе келмеді. Соған қарамастан, әсіресе «Тур де Франста» кезеңді көш басында өткізу – бұл ерекше. Ал менің жүлдем – осы күннің тамаша аяқталуы болды», – деді ертең қызыл нөмірмен жарысты бастайтын Уго Уль.
10-кезең жаппай спринтпен аяқталып, Марк Кавендиш жеңіске жетті. Алексей Луценко мәреге жалпы топпен бірге келіп, бас классификацияда 8-орынды сақтап қалды.
Тур де Франс, 10-кезең, Альбервиль – Валанс, 190.7 шақырым.
Кезеңнің үздік үштігі: 1. Марк Кавендиш (Deceuninck – Quick Step); 2. Ваут Ван Арт (TeamJumbo Visma); 3. Яспер Филипсен (Alpecin Fenix).
Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 39. Алексей Луценко; 121. Алекс Аранбуру; 123. Уго Уль.
Photo credit: @Getty Images