Back To Top

Александр Власов жекелей жарыста Ресей чемпионы атанды

Astana – Premier Tech командасының шабандозы Александр Власов Пенза қаласында өткен жекелей жарыста жеңіске жетіп, Ресей чемпионы атанды. Власов 47 шақырым қашықтықты 57 минут 48 секундта жүріп өтті. Александр 2019-жылы топтық жарыста Ресей чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін, бүгін ол бірінші рет ұлттық турнирде жүлделі болып отыр.

«Негізінде маған ұзақ әрі қиын жарыс жолы ұнады. Бірнеше аса қиын көтерілістермен екі айналым өтті. Сонымен қатар, жарыс жолында бірнеше ашық аймақтар кездесті жәнеқапталдан аздап жел соқты. Сондықтан тас жолда талаптар жоғары болды және екінші айналымға күшімді үнемдеу үшін жарысты алдын ала дайындалған жоспармен бастау керек еді. «Джиро д’Италиядан» кейінгі ұзақ үзіліске қарамастан, мен бүгін өзімді өте жақсы және сергек сезіндім. Дәл қазір шаршағанымды сезініп, аяғым аздап ауырып тұр. Бірақ бәрі жақсы. Мен демалыстан кейін жаттығу ырғағыма қайта келе жатырмын және қайта қалыпқа келуіме аз уақыт керек. Бірақ, жалпы, жарыс күні жақсы өтті деп ойлаймын. Жеңіске жеткеніме, Ресей чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын және мұны мақтанан тұтамын. Бұл ерекше нәрсе болды», – деді Александр Власов.

Ресей чемпионаты, жекелей жарыс, 47 шақырым. Пенза.

Үздік үштік: 1. Александр Власов; 2. Артем Овечкин (Terengganu Cycling Team); 3. Владислав Дуйнов (Moscow Region).

Photo: @FVSR.RU