Back To Top

Александр Власов «Париж-Ниццада» дебют жасап, жалпы есеп үшін сынға түседі

Өткен жылы COVID-19 пандемиясына байланысты жарысқа қатыса алмағандықтан қазақстандық-канадалық Astana – Premier Tech командасы Әлемдік тур күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың бірі Париж-Ниццаға қатысуға дайын.

Қазіргі таңда команда көшбасшыларының бірі Александр Власов француздық веложарысқа алғаш рет қатысуға дайындалып жатыр.

Власов 2021-жылғы маусымды өте жақсы бастады. Ол «Прованс туры» велододасының жалпы есебінде 10-орынға, ал «Фаун-Ардеш классикасы» біркүндігінде 6-орынға ие болды. Енді ресейлік шабандоз Әлемдік турдың маусымын «Париж-Ниццадан» бастауға дайын және оның мақсаты жарыстың жалпы есебі үшін сынға түсу.

«Жалпы өзімді жақсы сезінемін және маусымның басында бәрі дұрыс бағытта жүреді. Бұл менің «Париж-Ниццадағы» дебютім болады және мен жалпы есепте лайықты нәтиже көрсеткім келеді. Мен үшін бұл жарыс маусым аралықта өткен барлық жұмыстардың керемет сынағы болады және жоғары нәтиже көрсетіп, өзімді барынша жақсы қырымнан танытқым келеді. Біз Францияға өте мықты құраммен келдік және бас классификацияда айтарлықтай жақсы нәтижеге қол жеткізсек тамаша болар еді», – деді Александр Власов.

 

«Біз үшін бұл маусымның басындағы алғашқы маңызды жарыс. Біраз жылдық тарихы бар велододаға біз өте жақсы және тәжірибелі құраммен барамыз. Командада Александр Власов пен Алексей Луценко сияқты мықты көшбасшылар, Луис Леон Санчес және Йон Исагирре сияқты тәжірибелі жігіттер бар. Олар осы жарыстың кезеңдерінде қалай жеңіске жету керек екендігін біледі. Әрине, Омар Фрайле әрдайым көшбасшы топта да, шабуылда да өзін көрсете алады. Сондай-ақ, Самуэле Батистелла мен Маттео Собреро деген жас жігіттер бар. Менің ойымша олар «БАӘ Турын» лайықты өткізді. Біз жарысқа дайындалып жатырмыз және жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз», – деді команданың спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

Париж – Ницца, 07 – 14.03.2021. 8 кезең.

Команда құрамы: Самуэле Баттистелла, Омар Фраиле, Йон Исагирре, Алексей Луценко, Луис Леон Санчес, Маттео Собреро, Александр Власов.

Спорт директорлар: Дмитрий Фофонов, Стив Бауэр.