Back To Top

Алексей Луценко «Амстел Голд Рэйс» жарысында 5-келді

«Сицилия туры» жарысы аяқталған соң 48 сағаттан кейін Astana Qazaqstan Team көшбасшысы Алексей Луценко тағы да жүлдеге таласты. Бұл жолы ол «Амстел Голд Рэйс» сайысында таласқа түсті.

Мәреге сжетер-жетпес межеге дейін Луценко үздік үштікке таласып келе жатты. Нәтижесінде бесінші орыннан көрінді.

«Бесінші орын да жаман емес. 48 сағат бұрын мен ьір жарыс жеңіп келіп отырмын. Оны да ескеру қажет. Сәл шаршаңқы болсам – ол түгсінікті. Одан кейін 4 сағат ұйықтадым да ұзақ жолға шықтым», – деді Алексей Луценко.

Қазақстандық шабандоз Нидерланд жеріндегі жарыстың басты қаһарманы болды. Ол Тадай Погочармен бірге көшбасшылар қатарында жүрді.

«Қазіргі сайыстардың барлығына көз жүгіртсек шешімдердің барлығы 80-90 шақырым қалған кезде қабылдана бастайды. Мен де бүгін тура солай істедім. Шабуылға шыққандармен ілесіп алға озып шықтым. Соның арқасында Погачар, Пидкок секілділермен бір топта болдым. Алға озып шыққан тобымыз басымдылықты бермесін деп алдыңғы бөлікте көп жұмыс істеп қойыппын», – деді Луценко.

Эйсербосвег қыратына келген тұста Тадей Погочар шабуылға шықты. Бұл жарыс аяқталуға 36 шақырым қалған кезде болған оқиға еді. Кейіннен ол қасына Андреас Кронды ертіп, үшінші келе жатқан Томас Пидкокты қуып жетті. Ал жүлдегерлер қатарына ену қиын болды. Қазақстандық шабандоз мәрені бесінші болып кесті.

«Біз шындыққа тіке қарауымыз керек. Погачар дәл қазір өте мықты. Онымен тайталасу мүмкін емес. Менің қасымдағы Андреас Крон керемет жұмыс істей алмады. Соның салдары болар 5 секундтық басымдылыққа дейін түсіп кеттік. Погачар түбі жетіп алатыны белгілі болып қалды. 200 шақырым жүріп келе жатқан соң, ондай кеңістікті ұстып қалу қиын екені рас. Соңғы шақырымда Пидкокты қуып жетеміз деген ой болды. Сосын, спринтке шығайын десем, аяғым түк алға баспады. Тартпай қалды деген сол шығар дедім ішімнен. 6 сағат бойы тоқтамаған аяқтарымды кінәлай алмаймын. Оның үстіне күн салқын, біресе жауын жауып мазаны қашырды», – деді Алексей Луценко.

Айтпақшы Astana Qazaqstan Team командасының тағы бір шабандозы Симоне Веласко бастапқы бөлікте болған қақтығыстың салдарынан негізгі топтан қалып кеткен еді, кейіннен негізгі топпен мәреге жетті. Ол 17-болып жарысты аяқтады.

Photo credit: @SprintCycling