Back To Top

Алексей Луценко «Тур де Франстың» қорытынды классификациясында 7-нәтиже көрсетті

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко өз мансабында алғаш рет «Тур де Франс» көпкүндігін үздік ондық қатарында аяқтап, бас классификацияның қорытындысы бойынша жетінші орынға ие болды.

2020-жылы өткен «Тур де Франс» кезеңдерінің бірінің жеңімпазы Луценко бұл жолы жалпы есепте жоғары орын үшін күреске басты назар аударды және соған қол жеткізді. Ол соңғы 16 жылда «Үлкен Күрмеудің» 10-дығына кірген алғашқы қазақстандық шабандоз болды.

«Мен осы «Тур де Франсты» алғашқы ондық қатарында аяқтағаныма өте қуаныштымын және мақтан тұтамын. Мен бұл жарысқа сәтті өткен «Критериум дю Дофинеден» кейін ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күн сайын 100% барымды салып, «Турды» соңына дейін жүріп өту мақсатымен келдім. Жетінші орын – мен үшін кәсіби шабандоз ретінде де, қазақстандық спортшы ретінде де үлкен жетістік. Жарыс бойы қолдау көрсеткендері үшін әріптестеріме алғыс білдіргім келеді. Соның арқасында мен үздік 10-дық қатарында болдым. «Тур де Франс» өте қиынға соқты. Сондықтан бұл жарысты алғашқы ондықта аяқтау тамаша көрсеткіш. Әрине, кезеңдердің бірінде жеңіске жетсем жақсы болар еді. Бірақ қалай болғанда да қол жеткізген нәтижеме және қазіргі бабыма көңілім толады. Енді мен Токиоға үлкен мақстапен барамын», – деді Алексей Луценко.

AstanaPremier Tech командасының басқарушы директоры Яна Зель Алексей Луценконың жетістігінің қазақстандық-канадалық команда үшін маңыздылығы туралы атап өтті.

«Мен Алексей Луценконың «Тур де Франстың» алғашқы ондығына кірген нәтижесін мақтан тұтамын. Бұл Алексей үшін мақтаныш, Astana – Premier Tech командасының мақтанышы, Қазақстан үшін мақтаныш. Үш апта бойы Алексей еңсесін түсірмеді, соңына дейін күресті. Осы қиын жарыста алға ұмтылды. Біз үшін қазақстандық-канадалық команда ретінде қазақстандық спортшыларды қолдау өте маңызды және менің ойымша, Алексейдің нәтижесі Қазақстанның көптеген жас шабандоздарын шабыттандыратын болады», – деп қоса кетті Яна Зель.

Үш апта ішінде Astana – Premier Tech шабандоздары жеті рет үздік ондыққа кірді. Ал командаға мүмкіндікті пайдаланып, кезеңде жеңіске жету үшін сәл ғана уақыт жетпей қалды. Команданың спорт менеджері Дмитрий Фофонов осы «Тур де Франстағы» командалық жұмыс пен оның нәтижесіне баға береді.

«Мен команданың «Тур де Франста» көрсеткен өнеріне ризамын. Біз мұнда екі мақсатпен келдік – кезеңдерде жеңіс үшін таласқа түсу және жалпы есепте үздік ондық қатарынан көріну. Нәтижесінде Алексей Луценко жетінші орынға ие болды. Сондықтан мақсаттардың бірі орындалды. Біз тағы бір мақсатымызды жүзеге асыруға біртабан жақын болдық. Алексей жарысты тамаша өткізді. Бабының керемет екенін және жігерлі екенін көрсетті. Атқарылған ауқымды жұмыс өте жақсы нәтижемен аяқталғанына қуаныштымын. Бүкіл команда кезеңдердегі жеңіс үшін күресте өте белсенді өнер көрсетті. Йон Исагирре сегізінші кезеңде жетістікке жетуге біртабан жақын болды. Сонымен қатар біздің чемпион Омар Фраиледе де бірнеше мүмкіндік болды. Біз жарыс бойы командада керемет атмосфераны сақтай алдық. Жігіттердің барлығы Алексейдің он үздіктің қатарына   қосылу мақстатында жақсы жұмыс жасады. Иә, көптеген командалар осы «Тур де Франстың» кезеңдерінде жеңіске жете алмай жарысты аяқтады. Бірақ біз күн сайын 100% барымызды салып, Алексей Луценконың бұл жарысты жетінші орында аяқтауы үшін барлық мүмкіндікті жасағанымызға көңіліміз толады», – деді Дмитрий Фофонов.

Тур де Франс 2021.

Қорытынды жалпы есеп: 1. Тадей Погачар (UAETeam Emirates); 2. Йонас Вингегорд(Team Jumbo-Visma); 3. Ричард Карапас (INEOS Grenadiers)… 7. Алексей Луценко (Astana – Premier Tech).

Photo credit: @Getty Images