Back To Top

Алекс Аранбуру мен Фабио Феллине – маусымның алғашқы «классикалық» веложарысындағы команда көшбасшылары

Алекс Аранбуру мен Фабио Феллине екі бельгиялық классикалық жарыс – «Омлууп Хет Ньюзблад Элит» және «Кюрне-Брюссель-Кюрне» велододасынан басталатын көктемгі классикалық жарыстардың «уик-энд ашылуында» Astana-Premier Tech командасының көшбасшылары ретінде өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, команда құрамында канадалық шабандоз Бенджамин Перри алғаш рет жарыс жолына шығады.

Италиялық Фабио Феллине маусымның алғашқы веложарысы «Теңіз жағалауындағы Альпы және Вар департаменттерінің турынан» кейін классикалық жарыстарға қатысады. Ол сенбі күні «Омлууп Хет Ньюзблад Элит», ал жексенбі күні «Кюрне-Брюссель-Кюрнеде» бақ сынайды. 

«Бельгияда өтетін алғашқы жарыстар әрдайым ерекше өтеді. Өйткені шабандоздардың әрқайсысы өзін көрсетуге ынталы. Сондықтан жарыстар айтарлықтай тартысты өтеді. Бірақ, бұл Бельгия, оған қоса «классикалық» жарыстар. Бұрын осы екі жарысты жақсы өткізетінмін. Мысалы, 2017 жылы «Омлуупта» төртінші нәтиже көрсеттім. Бірақ өткен жылы мен үшін сәтсіз болды. Маңызды сәттерде екі қателік жібердім. Сондықтан бұл жолы әлдеқайда жақсы өнер көрсетуге тырысамын. Бұл жарыстарда тактикалық қателіктерден аулақ болу үшін бір секундқа да зейінді жоғалтпай, мұқият болу керек. Жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп үміттенемін», – деді Фабио Феллин.

Команданың тағы бір капитаны Алекс Аранбуру былтыр «Омлууп Хет Ньюзблад» жарысында дебют жасаған кезде жинақтаған тәжірибесіне сенім артып отыр.

«Мен биылғы маусымды өткен аптада «Прованс турынан» бастадым. Шынымды айтсам, өзімді өте жақсы сезіндім. Сондықтан «Омлууп» пен «Кюрнеге» оң көзқараспен қараймын. Мүмкін маған әлі де жарыс ырғағы жетіспейтін шығар, бірақ нәтижесіне көңілім толады. Өткен жылы мен осы екі «классикаға» алғаш рет қатыстым. Қиын жарыс бағыты мен ауа-райының қолайсыздығына байланысты велодода ауырға соқты. Сондықтан бұл жолы бәрі жақсы болады деп сенемін. Маған осындай жарыстар ұнайды және өткен жылғы тәжірибе осы маусымда көмектеседі деп сенемін. Бізде жақсы команда бар. Сондықтан біз бұл жарыстарда маңызды нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз», – деді Алекс Аранбуру.

Команданың спорт директоры Стефано Занини екі жарысқа арналған жоспарлармен бөлісті.

«Біз «Омлууп Хет Ньюзбладқа» Алекс Аранбуру мен Фабио Феллинені қолдау үшін әмбебап құраммен барамыз. Алайда, біз жарыстың үздік фавориттері қатарына кірмегендіктен, мұны артықшылық ретінде пайдаланып, шабуылдауға тырысуымыз керек. Қандай нәтиже әкелетінін көреміз. Былтыр Фабио «Омлуупта» жақсы өнер көрсетіп, 2017 жылы жүлделі орындарға біртабан жақындады. Өткен маусымда классикалық жарыстарға алғаш рет қатысқаннан кейін Алекс та айтарлықтай тәжірибе жинады. Мануэле Боаро мен Бенжамин Перридің бельгиялық жарыстарда тәжірибесі бар. Горка Исагирре, Давиде Мартинелли және Евгений Федоровтар бұл жарысқа алғаш рет қатысады. Ал Артем Захаров Евгений Федеровты алмастырады. Команда екінші классикалық «Кюрне-Брюссель-Кюрне» веложарысына дәл осы құраммен барады», – деді Стефано Занини.

Омлууп Хет Ньюзблад Элит (27-ақпан) және Кюрне-Брюссель-Кюрне (28-ақпан)

Команда құрамы: Алекс Аранбуру (Испания), Мануэле Боаро(Италия), Евгений Федеров(Қазақстан) – Омлууп, Фабио Феллине (Италия), Горка Исагирре (Испания), Давиде Мартинелли (Италия), Бенжамин Перри (Канада), Артем Захаров (Қазақстан) – тек Кюрне веложарысы.

Спорт директорлар: Стефано Занини (Италия), Стив Бауэр (Канада), Дмитрий Муравьев (Қазақстан).