Back To Top

Альпі туры. 2-кезең. Александр Власов таулы аймақта өткен кезеңде 4-нәтиже көрсетті

«Альпі Туры» көпкүндігінің екінші кезеңінде қазақстандық-канадалық команданың капитаны Александр Власов кезең жеңімпазы және жалпы есептің жаңа көшбасшы Саймон Йейтстен 58 секундтан кейін мәреге келіп, төртінші орынға ие болды.

Соңғы асу алдында жалпы есептің фавориттері шағын топ құрды. Оның құрамында Александр Власов та бар болатын. Шыңға жақындағанда британиялық Саймон Йейтс сол топ арасынан шабуылға шығып, біраз басымдылыққа ие болды. Бұл көсеткіш оның жекелей жеңіске жетуі үшін жеткілікті болды. Мәреге бірнеше шақырым қалғанда қуғыншылар тобынан ресейлік шабандоз Павел Сиваков шабуылдап, жарысты екінші болып аяқтады.

Александр Власов шағын топпен бірге жарысты аяқтап, 4-нәтиже көрсетті. 

«Жарыс күні өте қиын болды. Мен әлі де толықтай бабымда емеспін. Бірақ күннен күнге өзімді жақсы сезінудемін. Сондықтан, бүгінгі нәтижеге көңілім толады және төртінші орын жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Бұл менің «Джиро д’Италияға» дұрыс бағытта келе жатқанымды көрсетеді. Алда тағы үш кезең бар. Жалпы есепте не істеуге болатынын, сондай-ақ менің «Джироға» соңғы дайындығым туралы жоспарлардың қалай орындалатынын көре жатармыз», – деді Александр Власов.

Альпі туры, 2-кезең. Инсбрук – Фейхтен-им-Каунерталь, 121.5 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Саймон Йейтс (Team BikeExchange); 2. Павел Сиваков (INEOS Grenadiers); 3. Дэн Мартин (Israel Start-Up Nation)

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 4. Александр Власов; 36. Луис Леон Санчес; 39. Харольд Техада.

Photo credit: @Getty Images