Back To Top

Баск елдерінің туры. 1-кезең. Бильбаода өткен жекелей жарыста Алекс Аранбуру мәреге 9-болып келді

Бүгін Бильбаода «Баск елдері турының» алғашқы кезеңін Алекс Аранбуру керемет өткізді. 13,89 шақырымдық жекелей жарыста Аранбуру 9-орынға ие болып, кезең жеңімпазы және жалпы есептің көшбасшысы Примож Рогличке небәрі 30 секунд қана ұтылды.

«Мен өзімді «Индурайн Гран-приіндегіден» де едәуір жақсы сезіндім. Сондықтан велододаны керемет өткізуге бел будым. Қысқа асулар мен құлдилардың арқасында бұл сайыс маған ыңғайлы болатынын білдім. Сондықтан жарыс жолында бар күшімді салдым. Велосипедте отырған кезде де өзімді жақсы сезіндім және жарыстың басында жақсы нәтиже көрсеткеніме қуаныштымын. Енді келесі аптада өз елімде өтетін велододаға дайындаламын»,– деді Алекс Аранбуру.

Якоб Фульсанг пен Омар Фраиле де жекелей жарысты ойдағыдай өткізді: Фульсанг 14-орын иеленсе (+0.39), ал Фраиле 16-нәтиже (+0.40) көрсетті.

Ертең «Баск елдерінің туры» Сальадан басталып, Сестаода мәресіне жететін екінші кезеңмен жалғасын таппақ.

«Баск елдерінің туры». 1-кезең. Бильбао – Бильбао, 13.89 шақырым

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Примож Роглич (Team Jumbo-Visma); 2. Брендон МакНалти (UAE-Team Emirates); 3. Йонас Вингегаард (Team Jumbo-Visma).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 9. Алекс Аранбуру; 14. Якоб Фульсанг; 16. Омар Фраиле.

Photo credit: @Getty Images