Back To Top

БАӘ туры. 7-кезең. Маттео Собреро, Самуэле Баттистелла, Луис Леон Санчестер шабуылға шықты, Евгений Гидич спринтте 10-нәтиже көрсетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің туры бүгін Абу-Дабиде жетінші кезеңмен аяқталды. Astana – Premier Tech жарыс күнін өте белсенді өткізді: Самуэле Батистелла мен Маттео Собреро көшбасшы топта болды, ал Луис Леон Санчес негізгі топ көшбасшыларды қуып жеткеннен кейін пелотоннан шабуылға шықты.

Дегенмен жарыс кезекті спринтпен аяқталып, аустралиялық Калеб Юен жеңіске жетті. Ал күн санап бабы жақсарып келе жатқан қазақстандық жас шабандоз Евгений Гидич бүгін кезеңді оныншы болып аяқтады.

«Бүгін жарысты жақсы өткіздім деп ойлаймын. Мықты спринтерлерге қарсы спринтте оныншы орын иелендім және бұл жақсы нәтиже. Команда маған көмек көрсету үшін үлкен жұмыс жасады. Әсіресе Дмитрий, Луис Леон және Алексей. Олар мені финал алдында жақсы позицияға шығарды. Өзімді өте жақсы сезінемін. Бабым күн сайын жақсарып келеді. Бұл жарыс келесі мақсаттарыма жету үшін жақсы дайындық болды. Мен одан әрі бабымды жақсарта беремін деп сенемін», – деді Евгений Гидич.

Словениялық шабандоз Тадей Погачар жалпы есепте Біріккен Араб Әмірліктері Турының жеңімпазы атанды. Адам Йейтс пен Джоао Альмейда да жеңіс тұғырынан көрінді.

Луис Леон Санчес 20-шы орынға ие болып, қорытынды классификацияда «Astana – Premier Tech» шабандоздары арасына үздік нәтиже көрсетті.

«Менің ойымша, біз Біріккен Араб Әмірліктерінде жарыс аптасын өткіздік. Велододаның біз үшін сәтсіз басталғанына қарамастан, жігіттер өздерін өте жақсы көрсетті. Жалпы есепте жеңіске жету мүмкіндігін уысымыздан шығарып алғанымызға қарамастан біз кезеңдегі жеңіс үшін күрестік. Ал Алексей Луценко бұл мақсатқа біртабан жақын болды. Сонымен қатар өздерін керемет көрсеткен жас жігіттердің өнеріне ризамыз. Енді біз қайта Еуропаға оралып, алда өтетін – «Париж-Ницца» мен «Тиррено-Адриатико» велододаларын асыға күтеміз, – деді команданың спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

БАӘ туры. 7-кезең. Яс Молл – Волнорез Абу-Даби, 147 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Калеб Юэн (Lotto Soudal); 2. Сэм Беннетт (Deceuninck-Quick Step); 3. Фил Баухаус (Bahrain-Victorious).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 10. Евгений Гидич; 56. Стефан Де Бод; 66. Луис Леон Санчес.

Жалпы есеп бойынша үздік үштік: 1. Тадей Погачар (UAE-Team Emirates); 2. Адам Йейтс(INEOS Grenadiers); 3. Жоао Альмейда (Deceuninck-Quick Step).

Astana – Premier Tech Жалпы есеп бойынша үздік үштік: 20. Луис Леон Санчес; 24. Стефан Де Бод; 31. Самуэле Баттистелла.

Photo credit: @GettyImages