Back To Top

Джиро д’Италия. Марк Кавендиш Римдегі соңғы кезеңді жеңді

Astana Qazaqstan Team шабандозы Марк Кавендиш «Джирро д’Италия» додасының 21-кезеңінде жеңіске жетті. Италиялық гранд-турдың кезеңдерін осымен 17 мәрте жеңген Марк Кавендиш Рим қаласының тарихи ғимараттарымен көмкерілген орталық алаңында мерейімізді үстем етті.

«Мен өте бақыттымын! Біз осы жарыс бойынша ауыр жолдарды жүріп өттік. Ұжым болып жұмыс істеп, керекті нәтижеге қол жеткіздік. Бүгін менің спринтке шығатынымды біліп олар, мені жол бойы қорғап келді. Оның үстіне бүгін қатты толқып тұрмын. Себебі, 2008 жылы дәл осы жарыста мен алғаш рет гранд-тур кезеңін жеңген едім. Енді осы жолы соңғы сайысым деп айта аламын. Енді «Джиррода» өнер көрсетпеймін. Римде жеңімпаз атанғаныма дән ризамын!» – деді Марк Кавендиш.

 

«Командалас әріптестерімді «Джиро д’Италия» жарысында маған қолдау білдіргендері үшін жақсы көремін. Біз осында өте қызықты апталарды бірге өткердік. Команда ішінде ғаламат атмосфера болды. Біз жеңіске лайық өнер көрсетттік. Бүгінгі жеңіс мен үшін де, команда жанкүйерлері үшін де, демеушілер үшін де өте маңызды. Әрбір жеңіс алдағы жарыстарға жетелейді. Күш сыйлайды. Біздің командамыз алдағы уақытта осындай жарқын жеңістерімен жанкүйерлерді қуанта береді деген ойдамын. Ал мен үшін бұл «Джиро д’Италия» жарысымен керемет қоштасу болды» – деп қоса кетті Марк Кавендиш.

 

«Бүкіл команда Марктың жеңісіне қатты қуанышты. Біздің демеушілер мен серіктестер үшін де қуанышты жәйт деп есептеймін. «Джирро» біз үшін ауыр өтті. Бірақ, біз ешқашан берілмейтін командамыз. Алдыңғы шепке шығып, көп жұмыс істедік. Соңғы аптада керемет ойнап шықтық десем болады. Әсіресе Вадим Пронский мен Кристиан Скарони Марк Кавендишке таулы аймақтарда қолдау көрсетті. Соның ароқасында біз бүгін жеңіске жеттік. Мен біздің команданы мақтан тұтамын!», – деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Photo credit: @SprintCycling