Back To Top

Джиро д’Италия. 11-кезең. Марк Кавендиш мәреге үшінші болып келді

Биылғы «Джиро д’Италиядағы» ең ұзақ он бірінші кезең 219 шақырымдық кейін Тортона көшелерінде жаппай спринтпен аяқталды. Astana Qazaqstan Team шабандозы Марк Кавендиш спринтті өте мықты жүріп өтті. Кезеңнің соңына дейін жеңіске жету үшін күресіп, нәтижесінде мәреге үшінші болып келді.

«Бүгінгі кезеңге біз байыппен қарадық. Қағаз жүзінде кезең спринт үшін қолайлы болғанымен, шын мәнінде оған жету оңай емес еді… «Джирода» біз бірге жұмыс жасасақ, финалда болатынымызды білдік. Вадим (Пронский) қарқынын сақтап, көшбасшыларды алға оздырмай, бүкіл кезеңді өз бақылауында ұстады. Ал қалған жігіттер финалда маған қолдау көрсетті.

 

«Командалардың бірі бізді топтан шығарып жіберуге тырысқанда, асуда шабандоздар арасы алшақтап кетті. кішкене саңылау болды. Бірақ командаластарым үнемі жанымда болды. Бір уақытта артта қалып едік, қайта бұрынғы позициямызға оралдық. Бір-бірімізге жақын болып, ілгері шығып, спринтке дайындала бастадық. Жігіттер жарысты керемет өткізді. Мен оларды мақтан тұтамын. Тек осы жұмысты жеңіспен аяқтай алмағаныма өкінемін. Мен спринтте ештеңе өзгерте алмадым. Мен спринтте бәрі керемет болды. Екі мықты жас спринтер Паскаль Акерман мен Джонатан Милан бүгін жылдамырақ болды. Паскальді құттықтаймын», – деді Марк Кавендиш.

 

«Біз бұл кезеңді бүкіл командамен қалай өткізгенімізді мақтан ете аламыз! Жігіттер Маркқа жақсы жұмыс жасады. Бірде-бір қателік жібермеді. Бүгін екі жылдам шабандоз болды. Біз Маркты мәре сызығына жеткізуге мүмкіндігіміз бар екенін білдік және Вадим Пронскийді қуып жету үшін көп жұмыс жасады. Содан кейін соңғы асуда жігіттер Маркты пелотонға қайтаруға және алға жылжытуға үлкен қолдау көрсетті. Марк алдыңғы қатарда алдымен Джонатан Милан, содан кейін Мадс Педерсенге ілесті. Ол жойқын спринт бастады. Бірақ жеңіске аз ғана жетпей қалдыды.болды. Керемет талпыныс болды…», – деп қоса кетт Astana Qazaqstan Team спорт директоры Стефано Занини.