Back To Top

Джиро д’Италия. 19-кезең. Александр Власов Альпе-ди-Мера шыңында мәреге 5-болып келді

Джиро д’Италия аяқталуға жақын. Ал үшінші апта екі таулы кезеңмен және Миландағы финалдық жекелей жарыспен аяқталады. Соңғы екі таулы кезеңнің біріншісі бүгін өтті. Шабандоздар Альпе-ди-Мера шыңында жарысты аяқтады.

Александр Власов финалдық асуда басқа фавориттердің соңына түсіп, жекелей шабуылымен өзін тамаша қырынан көрсетті. Нәтижесінде Astana – Premier Tech капитаны қызғылт жейде иегері, көшбасшы Эган Бернальдан бірнеше секундтан кейін мәреге бесінші болып келді.

«Бүгін мен өзімді алдыңғы күндерге қарағанда едәуір жақсы сезіндім және аяқтарым жақсы жұмыс жасады. Сондықтан соңғы асуда бар күшімді салдым. Команда мен үшін өте жақсыжұмыс жасады. Жігіттер таудың ең биік бөлігінің алдында мені керемет позицияға шығарды. Нәтижесінде соңғы шақырымдарда біраз күшімді сақтап қалдым. Бірнеше қиын күндерден кейін бүгінгі нәтижеме көңілім толады. Бұл маған соңғы таулы кезеңдер мен жекелей жарыс алдында сенімділік сыйлады және жігерлендіреді», – деді Александр Власов.

Соңғы шақырымдарда жекелей шабуылға шыққан британиялық Саймон Йейтс кезеңде жеңіске жетті. Одан кейін Жоау Алмейда, Эган Берналь, Дамиано Карузо және Александр Власов мәре сызығын кесті.

Берналь жалпы есепте көшбасшылығын жалғастыруда. Ал Власов көшбасшыдан 6 минут 11 секундқа қалып, төртінші орынды сақтап қалды.

Фабио Феллине ертеңгі кезеңнен бастап жарыс жолына шықпайды. Ол жақын арада нәрестелі болатын әйелімен бірге болу үшін үйіне қайтады.

Джиро дИталия, 19-кезең. Аббиатеграссо – Альпе-ди-Мера, 166 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Саймон Йейтс (Team BikeExchange); 2. Жоау Алмейда(Deceuninck – Quick Step); 3. Эган Берналь (INEOS Grenadiers).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 5. Александр Власов; 25. Луис Леон Санчес; 33. Вадим Пронский.

Photo credit: @Gettysport