Back To Top

Испания Вуэльтасы. 2-кезең. Алекс Аранбуру Бургостағы спринтте мәреге 2-болып келді

Кеше жекелей жарыста екінші орын иеленгеннен кейін Алекс Аранбуру жарыстың көшбасшысы Примож Рогличтен уақыт ұтып, қызыл жейдеге қол жеткізу үшін аралық финиште де, Бургостағы негізгі финиште де қосымша секундтарға қол жеткізуді көздеді.

Нәтижесінде Аранбуру екі бонустық секундқа ие болып, аралық сайыста екінші орынға ие болды. Содан кейін ол бельгиялық шабандоз Яспер Филипсен жеңіске жеткен кезеңнің негізгі финишінде, жаппай спринтте бесінші нәтиже көрсетті.

«Мен бұл кезеңді қызыл жейдені иеленсем деген оймен бастадым. Сондықтан бірінші сайыста да, финалда да жақсы нәтижеге қол жеткізуге бел будым. Команда мен үшін керемет жұмыс жасады. Жігіттердің барлығына алғысымды білдіремін. Олар маған екі спринтте де үлкен қолдау көрсетті. Алғашқы сайыста екінші нәтиже көрсетіп, қосымша екі секундқа ие болдым.  Сондай-ақ негізгі финиште үздік үштікке кіруге тырысуым керек болды. Спринт өте жылдам өтті. Бар күшімді салдым. Бірақ бесінші нәтиже көрсеттім. Соған қарамастан, жоғары жылдамдықпен өткен спринтте өте жақсы нәтиже көрсете алдым деп ойлаймын. Сондықтан жарыс күнінің осылай аяқталғанына қуаныштымын»,- деді Алекс Аранбуру.

Испания Вуэльтасының екінші кезеңінен кейін Алекс Аранбуру бас классификацияда бұрынғысынша екінші орында қалса, Примож Роглич көш бастап тұр. Команда капитаны Александр Власов кезең бойы әріптестерінің қолдауымен пелотонда жарысты еш қиындықсыз аяқтап, 17 –нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш Власовқа жалпы есепте 7-орынға көтерілуге ​​мүмкіндік берді.

Ертең «Вуэльтаның» пелотонын таудағы алғашқы сынақ күтіп тұр. 3-кезең Пикон Бланко (7,6 шақырым, 9,1%) шыңында аяқталады.

Испания Вуэльтасы, 2-кезең. Калэруега – Бургос, 166,7 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Яспер Филипсен (Alpecin-Fenix); 2. Фабио Якобсен (Deceuninck – Quick Step); 3. Майкл Мэтьюс (Team BikeExchange).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 5. Алекс Аранбуру; 17. Александр Власов; 34. Горка Исагирре.

Photo credit: @Gettysport