Back To Top

Йон Исагирре «Баск елдерінің турында» 2019-жылғы атағын қорғайды

Йон Исагирре 60-мәрте өтетін Әлемдік тур күнтізбесіндегі әйгілі көпкүндіктердің бірі «Баск елдерінің турына» 2019-жылғы жарыстың соңғы жеңімпазы ретінде қайта оралады. Өйткені жарыс өткен маусымда COVID 19 пандемиясына байланысты өткен жоқ.

«Әдеттегідей, «Баск елдерінің туры» бізге өте күрделі жарыс жолын ұсынды. Сонымен, біз кезең басталысымен жойқын жарысқа дайын болуымыз керек. 1-кезеңде жалпы есепте фавориттердің алғашқы жекпе-жегі өтетін, техникалық тұрғыдан қиын және тартысты жекелей жарыс күтіп тұр. Екінші және үшінші кезеңдер де өте қиын болады. Өйткені Эрмуальде қамалы сияқты көптеген тік асулар үшінші күннің финалында болады. Арратқа дейінгі соңғы кезең өте қысқа, бірақ сонымен бірге өте қарқынды және қиын болмақ. Себебі көптеген асулар бар және 3500 метр биіктікте өтеді. Сөзсіз, бұл кезеңде кез-келген жағдай болуы мүмкін. Биік аймақта өткен жаттығу жиындарынан кейін жарысқа дайынмын деп ойлаймын. Жалпы есепте жеңіске жетуге және 2019-жылғы титулымды қорғап қалуға тырысамын. Әрине, бұл оңайға соқпайды. Себебі жарысқа көптеген мықты шабандоздар қатысады. Бірақ, біздің командамыз да мықты», – деді Йон Исагирре.

«Баск елдерінің туры» көптеген тік асуларымен және күрделі жарыс жолымен танымал. Мерейтойлық 60-мәрте өтетін «Тур» Бильбаодағы өте қиын жекелей сынмен басталады. Оның жарыс жолында 19%-дейін градиенттері және ұзақ техникалық екі тік орналасқан құлди бар. Соңғы, 6-шы кезеңнің жарыс бағыты таулы аймақта, жеті категориялық асуларда өтеді және сайыс Эйбар маңындағы әйгілі Аррат тауында мәресіне жетпек.

Astana – Premier Tech командасы «Баск елдерінің туры» көпкүндігіне бас классификация мен жекелей кезеңдерде сынға түсетін мықты шабандоздар құрамымен аттанады.

«Баск елдерінің туры – күнтізбедегі ең тамаша жарыстардың бірі. Ол әрқашан біздің команда үшін маңызды сайыстардың бірі болды. Өйткені біз әрқашан осы жарыста жақсы нәтиже көрсетуге тырыстық. Биыл «Баск елдерінің турына» өте мықты және өршіл құраммен келдік. Йон Исагирре – бұл жарыстың ең соңғы жеңімпазы және ол өзінің жетістігін қайталау үшін барын салуға тырысады. Сондай-ақ, Якоб Фульсанг пен Алексей Луценко бар. Екеуі де «Арденн» апталығына дайындалып жатыр. Бірақ, әрине, олар осы жарыста өздерін көрсетуге тырысады. Алекс Аранбуру мен Омар Фрайле жекелеген кезеңдерде жеңіске жету үшін күресетін екі шабандоз. Олардың жетістікке жетуге мүмкіндіктері мол. Мен келесі аптаны жақсы оймен күтемін.  Біз «Баск елдерінің турында» өзімізді көрсете аламыз деп ойлаймын», – деді спорт директоры Джузеппе Мартинелли.

Баск елдерінің туры, 6 кезең. 5 – 10 сәуір 2021-жыл.

Команда құрамы: Алекс Аранбуру (Испания), Стефан Де Бод (ОАР), Омар Фраиле (Испания), Якоб Фульсанг (Дания), Йон Исагирре (Испания), Алексей Луценко (Қазақстан), Оскар Родригес (Испания).

Спорт директорлар: Джузеппе Мартинелли (Италия), Бруно Ченьялта (Италия).

Жарыс туралы ақпарат: https://www.itzulia.eus