Back To Top

Кейс Бол «Дюнкерктегі төрт күн» додасының үшінші орнын иемденді

Astana Qazaqstan Team велокомандасының шабандозы Кейс Бол  франциялық «Дюнкерктегі төрт күн» додасының жалпы есебінде үшінші орын алды. Жарыстың соңғы, шешішу 6-кезеңінде үшінші орын алған Бол қосымша сыйақы ретінде берілген секундтардың арқасында бесінші орыннан үшінші сатыға көтерілді.

Дюнкерктегі финиш (182,6 шақырым) жаппай спринтпен аяқталды. Тим Мерлир мәре сызығын бірінші кессе, екінші болып Эрленд Бликра келді. Ал үздік үштікті Кейс Бол қорытындылады.

«Жарыстың соңғыв кезеңі өте тартысты әрі жүйкеге тиетіндей өтті. 9 шақырымнан тұратын 9 айнылымды жүріп өттік. Әр айнылам кезінде 25 бұрылысы болды. Дмитрий Груздев маған зор көмек көрсетті. Соның арқасында мен позициямды ұстап отырдым. Соңғы бұрылыс кезінде мен жылдамдығымды арттырып жібердім де, алдыңғы қатарға шығып алдым. Спринтке тамаша келеген едім. Алайда, соңғы сәтте жеңіске жете алмадым. Шамасы күшімнің бәрін спринтке дейін салып қойған сияқтымын. Екінші жағынан Тим Мерлир нағыз чемпион ғой. Сондықтан да мен жалпы осы сайыста көрсеткен нәтижеме дән ризамын», – деді Кейс Бол.

Photo credit: @SprintCycling