Back To Top

Маттео Собреро Италия чемпионатында жекелей сында жеңіске жетті

Маттео Собреро бүгін Фаенца қаласында өткен жекелей жарыста Италияның жаңа чемпионы атанды. 45 шақырымдық жарыс жолының екінші жартысын AstanaPremier Techшабандозы өте жақсы жүріп өтті.  Бұл қорытынды нәтижеге әсер етті. Әлемнің қазіргі чемпионы Филиппо Ганнадан екінші аралық жарыста бір секунд ғана алға озды. Нәтижесінде Собреро қорытынды бойынша Ганнадан 52 секунд және ең жақын қарсыласы Эдоардо Аффиниден 25 секунд басым түсті. Үшінші орын Италияның жаңа чемпионына 41 секунд ұтылған Маттиа Каттанеоға бұйырды.

«Дәл қазір мен керемет сезімдемін. Өйткені бұл мен үшін өте үлкен жеңіс. Италия чемпионының жейдесін жеңіп алу – бұл барлық италиялық шабандоздар үшін арман. Бүгін сол мақсатыма жеттім! Бұл мен үшін ерекше сәт және өте қуаныштымын! Иә, мен «Джироның» соңғы кезеңінде өнер көрсеткеннен соң және жақында аяқталған «Словения турынан» кейін чемпионатқа үлкен мақсатпен келдім. Сондықтан осы жарыста өзімнің бар қабілетімді көрсеткім келді. Мүмкін маған ыстық ауа-райы бүгін көмектескен шығар. Өйткені өзімді осындай ауа-райында жақсы сезіндім және қолымнан келгеннің бәрін жасай алдым. Керемет күн және керемет жеңіс», – деді Маттео Собреро.

«Джиро д’Италияда» төртінші орын алғаннан кейін және «Словения турын» жеңіс тұғырында аяқтаған соң Собреро жекелей жарыс жолын фавориттердің бірі ретінде бастады. Александр Власов Ресей чемпионы, Йон Исагирре Италия чемпионы атанғаннан кейін Маттеоның жеңісі ұлттық чемпионаттардағы жекелей жарыстарда AstanaPremier Techкомандасының үстемдігін жалғастырды.

Қазақстандық-канадалық команданың тағы бір шабандозы Фабио Феллине бүгінгі жарыста 5-орынға ие болды.

Италия чемпионаты, жекелей жарыс, 45.7 шақырым. Фаэнца.

Үздік үштік: 1. Маттео Собреро; 2. Эдоардо Аффини (Team JumboVisma); 3. Маттиа Каттанео (Deceuninck – Quick Step).

Photo credit: federciclismo.it