Back To Top

Париж-Ницца. 6-кезең. Александр Власов ақ жейде иеленді, Алексей Луценко көшбасшы топта

Париж-Ницца көпкүндігінің бүгінгі 6-кезеңінің қорытындысы бойынша AstanaPremier Techкомандасының капитаны Александр Власов ең үздік жас шабандоз ретінде жарыста көш бастап, ақ жейдеге ие болды. Қазақстан чемпионы Алексей Луценко да велоданы өте жақсы өткізді. Ол кезеңде жеңіске жету үшін дөңгелегі тесіліп қалғанға дейін күресуді тоқтатпады. Бірақ, содан кейін негізгі топқа қайта оралуға мәжбүр болды.

Алтыншы кезеңде бірден шабуылдар басталып, жарыс өте жылдам өтті. Бірақ ұзақ уақыт бойы ешкім айтарлықтай басымдыққа қол жеткізе алмады. Жарыс басталған соң бір сағаттан кейін ғана алты шабандоз көшбасшы топ құрып, алға озды. Бұл уақытта Алексей Луценко да көшбасшы топта болып, алдыңғы шепте өте керемет жұмыс атқарды.

Алайда, пелотон жарысты өз бақылауында ұстап, шамамен мәреге дейін 40 шақырым қалғанда көшбасшы топпен салыстырғанда уақыт айырмашылығын бір жарым минутқа дейін қысқартты. Соңғы 30 шақырымда Луценконың велосипеді механикалық ақауға тап болды. Соның салдарынан ол тоқтап, велосипедін ауыстыруға мәжбүр болды. Өкінішке орай, осыдан кейін көшбасшы топқа қайта оралу мүмкін болмады және мәреге 20 шақырым қалғанда пелотон Astana – Premier Tech-тың шабандозын басып озды.

«Мен бүгін өзімді жақсы сезіндім және бұл кезеңде көшбасшы топтың жеңіске таласуға жақсы мүмкіндік алатынын білдім. Негізгі топтан алға озу оңай болған жоқ. Бірақ біздің топ көш бастаған кезде, бәріміз бірге жақсы жұмыс жасай бастадық. Мәселе пелотонның бізге көп орын бермеуінде болды. Басымдылықты сақтау үшін барымызды салдық. Бірақ нәтиже болмады. Менің ойымша, механикалық ақау болмағанда мен алдыңғы қатарда жүре алар едім. Кім біледі мәреге де жетуім мүмкін еді. Дегенмен, бабыма көңілім толады. Алда тағы екі кезең бар. Жеңіске жетуге талпынып көремін», – деді Алексей Луценко.

Astana – Premier Tech командасы жылдам әрі жүйке жұқартарлық финалдағы Александр Власов пен Йон Исагирренің позициясын өте жақсы қорғады. Мәреге 7 шақырым қалғанда Власовтың велесебедінің дөңгелегі тесіліп қалған кезде, Маттео Собреро дәл сол жерде болып, өз велосипедін Власовқа берді. Велесебед ауыстыру өте жылдам өтті. Көп ұзамай Власов негізгі топқа қайта оралды. Нәтижесінде ол жалпы есепте өз позициясын сақтай отырып, жарыстың барлық көшбасшыларымен бірге аяқтады.

Бұл нәтиже Александр Власовқа жас шабандоздар классификациясында үздік нәтиже көрсетіп, көшбасшының ақ жейдесін киюге мүмкіндік берді. Осыған дейін алдыңғы қатарда болған америкалық Брендан Мак Нулти қақтығысқа тап болып, жарыстан шығуға мәжбүр болды.

«Финалда механикалық ақауға тап болып, құлап кете жаздаған кезде мен жүйке жұқартарлық сәттерді басымнан өткердім. Маттео менің қасымда болды, ол өте жылдам әрекет етіп, Маған велосипедін берді. Мен дереу пелотонды қуып жетуге асықтым. Нәтижесінде мәреге бірнеше шақырым қалғанда пелотонға қайта оралдым. Командама үлкен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді! Жалпы өзімді бүгін тамаша сезініп, жақсы күн өткіздім. Шынымды айтсам, кезең өте жылдам әрі жүйке жұқартарлық болды. Бірақ финалда мен ақ жейдеге ие болдым. Өте қуаныштымын. Мен жейдені жарыстың соңына дейін сақтап қалуға тырысамын», – деді Александр Власов.

Шағын лидерлер тобынан қазіргі жарыстың көшбасшысы Примож Роглич спринтте кезең жеңімпазы атанды. Йон Исагирре 11-нәтиже көрсетсе, Луис Леон Санчес пен Александр Власовтар жарысты осы топпен бірге аяқтады. Соңғы екі кезең алдында Роглич көшбасшылықты жалғастыруда, Йон Исагирре 3-орында (+0.50), Александр Власов 4-орында (+0.51), ал Луис Леон Санчес 8-орында (+1.21) аяқтады.

Astana – Premier Tech жарыстың командалық есебі бойынша көшбасшылықты одан әрі жалғастыруда.

Париж – Ницца. 6-кезең. Бриньоль – Бьо, 202.4 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Примож Роглич (Team JumboVisma); 2. Кристоф Лапорт (Cofidis, Solutions Credit), 3. Майкл Мэттьюс (Team BikeExchange).

Astana – Premier Tech Үздік үштік: 11. Йон Исагирре; 22. Луис Леон Санчес; 28. Александр Власов.