Back To Top

Президенттік Түркия туры. Мерхави Кудус жалпы есепте 5-орынға ие болды

56-шы мәрте ұйымдастырылған «Президенттік Түркия туры» көпкүндігі бүгін сегізінші кезеңмен Кушадасыда аяқталды. Astana – Premier Tech шабандозы Мерхави Кудус соңғы кезеңде жекпе-жек рухын танытып, кезеңнің жалпы есебіндегі жағдайды жарыс жолының соңғы метріне дейін өзгертуге тырысты. Алайда, нәтижесінде Қудус түрік велододасының жалпы есебінде 5-нәтиже көрсетті.

«Біздің басты мақсатымыз жеңіс тұғыры үшін таласу болатын. Бірақ бәрі ойдағыдай болмады. Мен патшалық кезеңде бар күшімді салғаныма қарамастан үздік үштік қатарына жете алмадым. Мүмкін, мен сол күні бірнеше қателіктер жіберген шығармын. Алайда, жалпы алғанда мұнда көрсеткен нәтижеме көңілім толады және мақтан тұтамын деп айта аламын. Мен үшін ұзақ және қиын кезеңнен кейін ең жақсы бабыма оралғандаймын және бұл мені расымен де қуантады. Енді осы маусымда басқа да керемет нәтижелерге қол жеткізе алатынымды білемін. Түркиядағы ұмытылмас жарыс аптасында үлкен қолдау көрсеткендері үшін командама алғыс айтқым келеді. Жігіттер өте жақсы жұмыс жасады. Біз мұнда ұйымшыл команда ретінде өнер көрсеттік. Иә, соңғы екі күнде біз кезеңдегі жеңіс үшін күресіп, жалпы есепте өз позициямды жақсартуды көздедім. Кеше және бүгін әртүрлі жоспарларлар бойынша өнер көрсетуге тырыстық және мен команданы жақсы жағынан көрсеттік деп ойлаймын», – деді Мерхави Кудус.

Уақыттың аздығы және жалпы есептегі тұрақсыз жағдай «Түркия турының» соңғы күнінде үлкен белсенділік туғызды. Көптеген шабандоздар қосымша секундтар жинап, жалпы есептегі өз позицияларын жақсарту үшін шабуылдауға тырысты. Алайда, шабандоздардың немесе команданың бірде-біреуі қазіргі жарыс көшбасшысы Хосе Мануэль Диасқа қауіп төндіретіндей басымдылыққа ие бола алмады. Соған қарамастан, мәреге 20 шақырым қалғанда Astana – Premier Tech шабандозы Хавьер Ромо екі шабандозбен бірге шабуылдап, жарыс көшбасшысына қысым көрсетті.

Кезеңдегі жеңіске жету үшін Ромо бабының жақсы екенін дәлелдеді. Ал Никита Стальнов, Родриго Контрерас және Мерхави Кудус пелотонда керемет жұмыс жасады. Алайда, мәреге екі шақырым қалғанда пелотон көшбасшы топты қуып жетті. Содан кейін жарыс тағдыры спринтте шешілді. Нәтижесінде британиялық Марк Кавендиш осы жарыста төртінші мәрте жеңіске жетті.

Ал финиште 20-нәтиже көрсеткен Мерхави Кудус команда сапынан үздік нәтиже көрсетіп, бас классификацияда 5-орынды сақтап қалды.

Президенттік Түркия туры, 8-кезең. БодрумКушадасы, 160.3 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Марк Кавендиш (Deceuninck – Quick Step); 2. Яспер Филипсен(Alpesin-Fenix); 3. Кристоффер Халворсен (Uno-X Pro Cycling Team).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 16. Мерхави Кудус; 37. Хавьер Ромо; 46. Глеб Брусенский.

Жалпы есептің үздік үштігі: 1. Хосе Мануэль Диас (DELKO); 2. Джей Вайн (Alpecin-Fenix); 3. Эдуардо Сепулведа (Androni Giocattoli-Sidermec).

AstanaPremier Tech Жалпы есептің үздік үштігі: 5. Мерхави Кудус; 11. Хавьер Ромо; 14. Родриго Контрерас.

Photo credit: @Getty Images