Back To Top

Прованс туры. Александр Власов қорытынды классификацияда 10-нәтиже көрсетті

Astana – Premier Tech командасының ресейлік шабандозы Александр Власов «Прованс туры-2021» велододасында бас классификация қорытындысы бойынша 10-орынға ие болды.

Француздық веложарыс бүгін Авиньоннан басталып, Салон-де-Прованста мәресіне жеткен төртінші кезеңмен аяқталды. Велододаның тағдыры алдын ала күтілгендей-ақ жаппай спринтте шешіліп, неміс шабандозы Фил Баухаус жеңіске жетті.

Колумбиялық Иван Рамиро Соса жалпы есепте «Прованс турының» жеңімпазы атанды. Екінші орынды қазіргі Әлем чемпионы Жулиан Алафилипп, үшінші орынды Эган Берналь иеленді.

«Жарысты жақсы өткіздім деп ойлаймын. Мұнда маусымның алғашқы жартысындағы басты додаларға дайындалу үшін, жарыс ырғағын сезіну және қазіргі деңгейімді түсіну үшін келдім. Бұл тұрғыдан алғанда мен алға қойған мақсаттарыма қол жеткіздім деп ойлаймын. Сонымен қатар, біздің команданың жарысты қалай өткізгеніне өте қуаныштымын. Екінші кезеңде құлағаныма қарамастан, кеше өзімді өте жақсы сезіндім. Сондықтан Мон-Ванту сияқты биік әрі қиын шыңды бағындыру кезінде бар күшімді салуға тырыстым. Әлі де біраз күш жетіспейді. Бірақ мен келесі жарыстарда сенсациялар мен нәтижелер болатынына сенімдімін», – деді Александр Власов.

 

«Жалпы айтар болсақ, көпкүндікті жақсы өткіздік. Біз мұнда маусымның алғашқы маңызды жарыстарының басталуына дейін тағы қандай жұмыстарды жасау керектігін түсіну үшін, сонымен қатар бабымызды тексеріп, деңгейімізді байқап көру үшін мықты құрамды әкелдік. Жігіттер өте жақсы жұмыс жасады. Олар бір команда болды және бұл өте маңызды нәтиже. Жігіттердің бәрі мықты. Біз Алекс Аранбурға көмектескен жазық аймақта өткен кезеңдерде де, Александр Власов пен Алексей Луценкоға керемет қолдау көрсеткен таулы кезеңде де белсенді болдық. Бізге әлі көп жұмыс істеу керек. Бұл маусымның алғашқы бөлігі үшін қалыпты жағдай. Әрине, жаңа маусымды жеңіспен бастағымыз келді. Бірақ жоғары нәтижелер көп күттірмейді деп ойлаймын. Өйткені біз команданың дайын және ынталы екені сезіледі»,деді AstanaPremier Techкомандасының спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

Прованс туры 4-кезең. АвиньонСалондеПрованс (163.2 шақырым)

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Фил Баухаус (Bahrain – Victorious); 2. Давиде Баллерини (Deceuninck – Quick Step); 3. Насер Буанни (Team Arkea Samsic).

AstanaPremier Tech Үздік үштік: 23. Александр Власов; 37. Горка Исагирре; 57. Алексей Луценко.

Жалпы есепте Үздік үштік: 1. Иван Соса (INEOS Grenadiers); 2. Жулиан Алафилипп (Deceuninck- Quick Step); 3. Эган Берналь (INEOS Grenadiers).

AstanaPremier Tech Жалпы есепте Үздік үштік: 10. Александр Власов; 20. Алексей Луценко; 30. Йон Исагирре.

Photo credit: @ByWilliamCannarella