Back To Top

Словения мен Францияда Astana – Premier Tech жалпы есепте екі жүлделі үшінші орынға ие болды

Словения мен Франциядағы соңғы жарыс күндерінде Astana – Premier Tech командасының шабандоздары жалпы есепте екі үшінші орынға ие болды. Сонымен, Маттео Собреро жарысты керемет өткізгеннен кейін «Словения турының» жалпы классификациясы бойынша үшінші орынға, ал Оскар Родригес «Окситания турында» үшінші орынға ие болды.

Собреро «Словения турының» бес жарыс күнін тамаша өткізіп, таулы аймақта бабының керемет екенін көрсетті. Ол былтырғы «Тур де Франс» жеңімпазы Тадей Погачармен және оның командасымен тең дәрежеде сынға түсті.

«Мен «Словения турындағы» көрсеткен нәтижеме өте ризамын. Погачар мен Улиссиге қарсы, таулы аймақта өткен жарыста жеңіс тұғырынан көріну – менің мансабымдағы маңызды жетістік. Бұл менің қабілетіме деген сенімділік сыйлайды және менің алға қойған мақсаттарыма ғана емес, жалпы кәсіби мансабымда мені жігерлендіреді», – деді Маттео Собреро.

 

«Біз мұнда айтарлықтай нәтижеге жеттік деп ойлаймын. Алдымен, жалпы есепте Маттеоның алдында тұрған есімдерге назар аударуымыз керек – «Тур де Франстың» қазіргі жеңімпазы Тадей Погачар мен атақты чемпион Диего Улисси. Сондықтан Маттеоның үшінші орын иеленгені көп нәрсені білдіреді. Ол бірінші рет осындай жоғары деңгейде болды және мықты шабандоздарға қарсы күресті. Сондықтан, Собрероның болашағынан зор үміт күтеміз. Енді Маттео «Адриатика-Ионика» көпкүндігіне барып, содан кейін Италия чемпионатына қатысады», – деп қоса кетті спорт директоры Джузеппе Мартинелли.

Францияда Оскар Родригес тағы да мықты тау шабандозы екенін дәлелдеді. Бұл командаға тағы бір маңызды нәтиже әкелді. Бұл жолы «Окситания турының» бас классификациясында. Дюийак-су-Перпертюз асуында аяқталған соңғы кезеңде Родригес жарысты бесінші болып аяқтады және осылайша бір күн бұрын патшалық таулы кезеңнен кейін иеленген үшінші орнын қорғап қалды.

«Бүгін, біздің соңғы жарыс күні кезеңдегі жеңіс үшін күрескіміз келді. Ал команда көшбасшыларды қуып жету үшін өте жақсы жұмыс жасады. Бірақ соңғы асуда алдыңғы қатардағы үш шабандозды қуып жету мүмкін болмады. Сондықтан біз ттек жалпы есеп үшін күрестік. Мен тауда қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Содан кейін жарыстың көшбасшысы артта қалғанын көрдік. Нәтижесінде мен жеңіс тұғырындағы үшінші орнымды сақтап қалдым. Жалпы, мен бұл нәтижеге қуаныштымын. Өзімді бабымдамын деп ойлаймын және бұл мен үшін маңызды. Өйткені Испания чемпионатына аз уақыт қалды»,деді Оскар Родригес.

 

«Біздің команда тағы да жігерлі және мықты болды. Бүгін кезеңдегі жеңіс үшін күрестік. Бірақ кқшбасшы топты қуып жету үшін сәл ғана уақыт жеткіліксіз болды. Соған қарамастан, Оскар Родригес финалда жүлделі орынды қорғап қалды және бұл біз үшін жақсы нәтиже. Соңғы күндері бәріміз байқағанымыздай, біздің командада бірнеше маңызды жүлделі орындар болды және біз дұрыс бағытта келе жатқан сияқтымыз. Ендігі мақсатымыз – жеңіс тұғырына көтерілу және жақын арада біз бұл қадамды жасай алатынымызға сенімдімін», – деді команданың спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

 

Словения туры, 5-кезең. ЛюблянаНово Место, 175.3 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Фил Баухаус (Bahrain – Victorious); 2. Алекс Эдмондсон (Team BikeExchange); 3. Генрих Хаусслер (Bahrain – Victorious).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 10. Маттео Собреро; 14. Давиде Мартинелли; 33. Фабио Феллине.

Жалпы есептің үздік үштігі: 1. Тадей Погачар (UAE-Team Emirates); 2. Диего Улисси(UAE-Team Emirates); 3. Маттео Собреро (Astana – Premier Tech).

Astana – Premier Tech Жалпы есептің үздік үштігі: 3. Маттео Собреро; 24. Хавьер Ромо; 34. Фабио Феллине.

 

Окситания туры, 4-кезең, ЛавеланПеидОльмДюийак-су-Перпертюз, 151.2 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Магнус Корт (EF Education – Nippo); 2. Джанлука Брамбилла(Trek – Segafredo); 3. Тони Галлопан (AG2R Citroen Team).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 5. Оскар Родригес; 12. Мерхави Кудус; 26. Юрий Натаров.

Жалпы есептің үздік үштігі: 1. Антонио Педреро (Movistar Team); 2. Хесус Эррада(Cofidis, Solutions Credits); 3. Оскар Родригес.

Astana – Premier Tech Жалпы есептің үздік үштігі:: 3. Оскар Родригес; 8. МерхавиКудус; 24. Юрий Натаров.

Photo credit: @Getty Images and @Tour of Slovenia