Back To Top

Словения туры. 2-кезең. Алғашқы таулы кезеңде Маттео Собреро 4-нәтиже көрсетті

Италиялық велошабандоз Маттео Собреро «Словения турының» екінші кезеңінде бабының тамаша екенін көрсетіп, төртінші орынға ие болды. Кешегі алғашқы спринтерлік күнінен кейін, бүгін «Словения туры» таулы жолмен жүріп өтті. Собреро кезеңнің финалында Светина асуында белсенді болды. Ол осы жарыстың басты фавориті Тадей Погачарды қуып жетуге тырысты. Жақсы басымдылыққа ие болған Погачар алға озғанда, «Astana – Premier Tech» шабандозы құлди жолында оны қуып жету үшін барын салды. Бірақ жете алмады. Нәтижесінде, сәл кейінірек оған бірнеше шабандоз қосылып, қуғыншылар тобын құрылды.

«Соңғы асуда Погачар өте жоғары қарқынмен шабуылдады. Оның соңынан ілесуге тырыстым. Бірақ мені UAE-Team Emirates командасының тағы екі шабандозы қуып жетті. Алайда, олар менімен жұмыс жасағысы келмеді. Кейінірек тағы бірнеше адам бізге қосылды. Кезеңнің соңында қысқа өрлеу болды. Бірақ соңында бәріміз спринтте сынға түстік. Қалай болғанда да, менің бүгінгі нәтижеге көңілім толады. «Джиро д’Италиядан» кейін өзімді өте жақсы сезінемін. Енді «Словения турының» келесі жарыс күндеріне дайындаламын», – деді Маттео Собреро.

«Собреро кезеңді тамаша жүріп өтті. Оның бүгінгі нәтижесі бізге ертеңгі патшалық кезең алдында жеңіске деген үміт сыйлады. Жарыс күні ол үшін жақсы өтті. Бірақ ылғи одан да жақсы болғанын қалаймыз. Жалпы, бұл жарыс күніне көңіліміз толады. Дегенмен, келесі таулы кезеңде біз жоғары нәтиже көрсеутге тырысамыз. Өкінішке орай, бүгін жарыстың 25-ші шақырымында қақтығысқа тап болған Самуэле Баттистелла белін ауыртып алды. Бірақ, еш жері сынған жоқ», – деп қоса кетті команданың спорт директоры Джузеппе Мартинелли.

Тадей Погачар екінші кезеңнің жеңімпазы және жалпы классификацияның жаңа көшбасшысы атанды. Ал Маттео Собреро қуғыншылар тобымен бірге мәреге жетті. Көшбасшыдан 1 минут 33 секунд қалып қойған Маттео кезеңде 4-нәтиже көрсетіп, жалпы есепте де төртінші сатыға жайғасты.

Словения туры, 2-кезең. Жалец – Цельский қамалы, 147 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Тадей Погачар (UAE-Team Emirates); 2. Матей Мохорич (Bahrain – Victorious); 3. Диего Улисси (UAE-Team Emirates).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 4. Маттео Собреро; 35. Хавьер Ромо; 36. Фабио Феллине.

Photo credit: @Getty Images