Back To Top

Словения туры. 4-кезең. Патшалық таулы кезеңде Маттео Собреро 3-орынға ие болды

Маттео Собреро «Джиро д’Италиядан» кейін бабының тамаша екенін паш етті. Ол бүгін «Словения турының» патшалық таулы кезеңінде Света Гора шыңында 3-орынға ие болды. Astana – Premier Tech-тың жас шабандозы тік орналасқан Света Гора (2.4 км, 13.5%) асуында UAE-Team Emirates командасының шабандозының шабуылына ілесе алған жалғыз адам болды.

Собреро жарыс көшбасшысы Тадей Погачар мен өте жоғары қарқынынмен жүрген оның командаластарымен қатар болу үшін барын салды. Мәреге жеткенде Маттео Диего Улиссидің шабуылына жауап беріп, оны қуып жетейін деді. Бірақ соңында жарыс жолын үшінші орында аяқтады және финиш алдында Тадей Погачар оны басып озып кетті.

«Мен бүгін қолымнан келгеннің бәрін жасадым және соңғы сәтке дейін кезеңдегі жеңіс үшін күресемін деп үміттендім. Бірақ Улисси мен Погачар сияқты екі чемпионнан кейін үшінші орын иеленгеніме қуаныштымын. Менің ойымша, бұл мен үшін керемет нәтиже және бұл кезеңді осылай өткізгеніме қуаныштымын. Команда маған керемет қолдау көрсетті.  Финалға біраз күшімді сақтап қалдым. Бұл маған кейінірек ең мықты шабандоздармен қатар жүруге көмектесті», – деді Маттео Собреро.

Соңғы екі асу алдында көшбасшы топ ұсталғаннан кейін жалпы есептің көшбасшысының командасы жарысты толық бақылауға алып, қарқынын едәуір арттырып, пелотонда іріктеу жүргізді. Нәтижесінде, соңғы асу алдындағы Равника шыңында фавориттердің шағын тобы ғана қалды. Ал шешуші Света Гора асуында тек төрт шабандоз ғана алдыңғы қатарда болды. Олар UAE-Team Emirates командасының үш өкілі және кезеңде жеңіске жету үшін күрескен Маттео Собреро еді.

Жарыстың аяқталуына бір кезең қалғанда патшалық таулы кезеңде үшінші орынға ие болған Маттео Собреро «Словения турының» жалпы есебінде де үшінші сатыға жайғасты.

«Біз бүгінгі кезеңдегі Маттео Собрероның көрсеткен нәтижесімен мақтана аламыз. Ол өткен жылғы «Тур де Франс» жеңімпазымен тең дәрежеде күресіп, жарысты керемет өткізді. Бұл кезеңнен кейін бізде өкінетін ештеңе жоқ. Өйткені Маттео да, бүкіл команда да барын салды. Біріккен UAE Team командасы «Тур де Франсқа» жіберуді жоспарлап отырған командаға қарсы жеңіске жету үшін күресу өте қиын болды. Сондықтан біз Маттео Собрероның патшалық кезеңде де, жалпы есепте де жүлделі орынға ие болғанына ризамыз. Ертең біз оның позициясын қорғау үшін барымызды саламыз», – деді Джузеппе Мартинелли.

Словения туры, 4-кезең. Айдовшчина – Нова Горица, 164.1 шақырым

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Диего Улисси (UAE-Team Emirates); 2. Тадей Погачар (UAE-Team Emirates); 3. Маттео Собреро (Astana – Premier Tech).

Astana – Premier Tech stage Кезеңнің үздік үштігі: 3. Маттео Собреро; 9. Хавьер Ромо; 24. Фабио Феллине.

Photo credit: @Getty Images