Back To Top

Тиррено-Адриатико. 2-кезең. Алекс Аранбуру 5-нәтиже көрсетті

Кьюсдино қаласында аяқталған италиялық «Тиррено-Адриатико» көпкүндік жарысының екінші кезеңінде Astana-Premier Tech командасының шабандозы Алекс Аранбуру 5-орынға ие болды. Ал қазіргі Әлем чемпионы Джулиан Алафилипп кезең жеңімпазы атанды.

Пелотон көшбасшы топты негізгі топтан жаңа шабуылдар орын алған сәтте, финишке шамамен 30 шақырым қалғанда қуып жетті. Нәтижесінде 4 шабандоздан тұратын жаңа көшбасшылар тобы құрылды. Astana – Premier Tech командасы пелотонда алдыңғы қатарда тамаша өнер көрсетіп, Алекс Аранбуру мен Якоб Фульсангтың позицияларын қорғап қалуға тырысты.

Жаңа көшбасшы топтың күшейе түскеніне қарамастан жарыс жолының соңғы шақырымдарында төрт шабандоздың біреуі ғана басымдылғын сақтап қалды. Осы уақытта негізгі топ жаппай спринтке дайындала бастады. Фабио Феллине  Аранбуруды алдыңғы қатардағы жақсы позицияға шығарып, спринтте барынша көмек көрсетуге тырысты. Бірақ, соған қарамастан ол шабандоздардың арасында қалып қойды.

«Жарыс өте жылдам өтті. Бірақ мен өзімді жақсы сезіндім. Аяқтарым да ойдағыдай жұмыс атқарды. Үш-төрт шабандоз алдыңғы қатарда болды. Ал топ соңында мен қарсыластарымды бақылауда ұстауға тырыстым. Бірақ, шынымды айтсам спринт болады деп күткен жоқпын. Алмейда финишке дейін жетеді деп ойлағам. Дегенмен, мен Фабиодан100% барын салып жүруді өтіндім және ол маған алдыңғы қатарда қалуға өте көп көмектесті. Шамамен финишке 500 метр қалғанда мен көш басында болдым. Бірақ әлі ерте болатын. Спринтті бастамай тұрып, біраз күтуді жөн санадым. Ал бірнеше шабандоз менен озып кеткен соң, сол жақ бұрылыста мен шабандоздар арасында қалып қойдым. 5-орын иеленгеніме біраз көңілім түсті. Себебі бүгін мен үшін жақсы күн болды және аяқтарым да ойдағыдай жұмыс атқарды. Бірақ, мен бағымды сынап көруді одан әрі жалғастыратын боламын», – деді Алекс Аранбуру.

 

«Алекстың бүгінгі кезеңде көрсеткен нәтижесіне біздің көңіліміз толады. Егер де оның алдында мәреге келген шабандоздардың есімін көретін болсақ, онда біз бұл көрсеткішке риза болуымыз керек. Қалай болғанда да команда бүгін өте керемет жұмыс атқарды. Жігіттердің барлығы да алдыңғы қатарда болды. Ал финалда Алексты қажетті позицияға шығарды. Өкінішке орай оған финиште шабандоздар кедергі келтірді. Бірақ, 5-орын иеленгенінің өзі оның қазір бабының тамаша екенін білдіреді, – деді команданың спорт директоры Джузеппе Мартинелли.

ТирреноАдриатико. Этап 2. Камайоре – Кьюсдино, 202 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Жулиан Алафилипп (Deceuninck – Quick Step); 2. Матье ван дер Пул (Alpecin – Fenix); 3. Ваут Ван Арт (Team Jumbo Visma).

Astana – Premier TechҮздік үштік: 5. Алекс Аранбуру; 20. Якоб Фульсанг; 31. Горка Исагирре.

Photo credit: @Getty Images