Back To Top

Astana - Qazaqstan

Тиррено-Адриатико. 4-кезең. Прати ди Тивоға дейінгі кезеңде Якоб Фульсанг жалпы есепте 7-орынға көтерілді

Италиялық «Тиррено – Адриатико» көпкүндік веложарысының қиындығы бірінші дәрежелі Прати ди Тиво шыңында аяқталған патшалық таулы кезеңі мәресіне жетті. Қазақстандық-канадалық Astana – Premier Tech командасы көшбасшы Якоб Фульсангқа көмек көрсетті. Нәтижесінде ол мәреге 10-болып жетті. Бұл көрсеткіш оған жалпы есепте 7-ші орынға көтерілуге ​​мүмкіндік берді.

«Мен бүгінгі көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Жарыс асудың соңғы шақырымдарында аяқталатынын білдік. Сондықтан күні бойы пелотонда бірге болып, финалға күшімізді сақтап қалдық Соңғы тауда мен фавориттер тобындағы позициямды сақтап, финишке дейін жақсы қарқынмен жүрдім. Жалпы жетінші орын иеленгенім менің маусымға арналған мақсаттарыма жету үшін дұрыс бағытта келе жатқанымды көрсетеді. Ертең өзімізді көрсетуге және маңызды нәтижелерге қол жеткізуге бізде тағы бір мүмкіндік бар», – деді Якоб Фульсанг.

Мәреге бес шақырым қалғанда жекелей шабуылға шыққан словениялық шабандоз Тадей Погачар кезең жеңімпазы атанды.

Тиррено-Адриатико. 4-кезең. Терни–Прати ди Тиво, 148 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Тадей Погачар (UAE Team Emirates); 2. Саймон Йейтс (TeamBikeExchange); 3. Серхио Игита (EF Education – Nippo).

Astana – Premier Tech Үздік үштік: 10. Якоб Фульсанг; 36. Уго Уль; 51. Фабио Феллине.

Photo credit: @Getty Images