Back To Top

Тур де Франс. Алексей Луценко Мон-Ванту шыңында 8-нәтиже көрсетті

Бүгін «Тур де Франстың» соңғы таулы кезеңдердің бірі өтті. Шабандоздар Прованс қаласындағы аты аңызға айналған Мон-Венту шыңын екі мәрте жүріп өтіп, 200 шақырымдық жарыс жолын бағындырды. Astana – Premier Tech командасының шабандозы Алексей Луценко кезеңді тамаша өткізіп, сегізінші орынға ие болды. Нәтижесінде «Үлкен күрмеудің» бас классификациясында жетінші орынға көтерілді.

Көшбасшы топтан шабуылға шыққан Бельгия чемпионы Воут Ван Арт кезең жеңімпазы атанды. Словениялық шабандоз Тадей Погачар жалпы есепте көшбасшылықты сақтап қалды. Қазақстандық-канадалық команданың шабандоздары кезең басталған сәттен бастап белсенді өнер көрсетті. Ал Якоб Фульсанг алғашқы көшбасшы топтың арасында болды. Жарыс жолындағы екінші асуда оны шабандоздар қуып жетті. Содан кейін жаңа көшбасшы топ құрылып, нәтижесінде кезеңдегі жеңіс үшін өзара сынға түсті.

Алексей Луценко жарыс бойы фавориттер тобында болып, кезеңді керемет өткізді. Мон-Вантуды екінші мәрте жүріп өту барысында шыңға бір шақырым қалғанда Луценко сары жейде иегері мен басқа шабандоздардың шабуылынан кейін сәл артта қалып қойды. Бірақ келесі құлди жолында уақыт айырмашылығын барынша азайтып, бірқатар шабандоздардан 18 секунд уақыт ұтты. Бұл нәтиже Алексей Луценкоға жалпы есепте 7-орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартуға мүмкіндік берді.

«Бұл өте қиын кезең болды. Жалпы есеп үшін күрес туралы ойлана отырып, мен Погачардың алдында мүмкіндігінше ұзақ жүруге тырыстым және бұл қолымнан келді. Мон-Венту шыңында Келдерманмен бірге біраз артта қалдым. Содан кейін құлди жолы басталған кезде мен дереу шабандоздардың ізіне түстім. Сегізінші нәтиже көрсеткеніме, сонымен қатар бас классификацияда бір позицияға жоғары көтерілгеніме қуаныштымын. Әрине, «Тур» жақын арада аяқталмайды. Алда әлі көптеген қиын және қауіпті кезеңдер бар. Бірақ қазіргі таңда өзімнің көрсеткен нәтижеме көңілім толады», – деді Алексей Луценко.

Тур де Франс, 11-кезең. Сорг – Малосен, 198 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Ваут Ван Арт (Team Jumbo Visma); 2. Кенни Элиссонде (Trek-Segafredo); 3. Бауке Моллема (Trek-Segafredo).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 8. Алексей Луценко; 37. Якоб Фульсанг; 53. Уго Уль.

Photo credit: @Getty Images