Back To Top

Тур де Франс. 14-кезең. Көшбасшы топта болған Омар Фраиле 6-нәтиже көрсетті

Омар Фраиле «Үлкен Күрмеудің» 14-кезеңінің екінші жартысын шабуылдаумен өткізді. Ол тартысты сыннан кейін құрылған топта жеңіске жету үшін күресті. Нәтижесінде Фраиле екінші кезеңде қуғыншылар тобында болып, бүгінгі кезеңде жеңіске жеткен голландиялық шабандоз Бауке Моллемадан 1 минут 25 секунд өткен соң жарысты аяқтап, алтыншы нәтиже көрсетті.

«Бүгін көшбасшы топқа қосылу үшін шайқас болды. Біз алға озуға тырысып көп уақыт өткіздік. Көшбасшы топқа қосылу үшін бізге көп күш жұмсау керек болды. Өйткені біз сол топта болу керек екенінімізді білдік. Өйткені бұл кезең алға озу үшін өте қолайлы болды. Команда бүгінгі кезеңді белгіледі. Сондықтан жеңіс үшін күресуге бел будым. Біздің тобымыз өте мықты болды.     Егер көшбасшы топтың құрамына назар аударар болсақ, онда көшбасшыларына жұмыс істейтін және мүмкіндіктері болған кезде 100% барын салатын жігіттерді таба аласыз. Мен бұл жарысқа жеңіске жету үшін келдім. Бірақ қазір біз соңғы аптаға таяп қалдық және менің жеңіске жету үшін мүмкіндігім көп емес деп ойлаймын. Алайда, біз бәріміз Алексей Луценкоға ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектесуге бел будық. Менің ойымша, оның бабы Альпідегіден де жақсы», – деді Омар Фраиле.

Кезең негізгі топтың көптеген шабуылдарымен басталды. Омар Фраиле мен Якоб Фульсанг үнемі алдыңғы қатарда болуға тырысып, көш басында болды. Нәтижесінде Испания чемпионы жеңіске жетті және шабандоздардың едәуір үлкен тобының құрамында ол пелотоннан төрт минуттай басымдылыққа ие болды.

Алайда, кезеңдегі шешуші шабуылды Бауке Моллема қолға алды. Ол жалғыз өзі жолсеріктерінен алысқа ұзап, кейін жеңіске жетті.

Пелотон жеңімпаздан 6 минут 53 секундтан кейін мәреге жетті. Алексей Луценко көшбасшының сары жейде иегерінің тобында жарысты аяқтады және 14-ші кезеңнің қорытындысы бойынша бас классификацияда 8-орынға түсіп қалды.

Тур де Франс, 14-кезең. Каркассон – Кийан, 183.7 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Бауке Моллема (Trek – Segafredo); 2. Патрик Конрад (Bora-hansgrohe); 3. Серхио Игита (EF Education – Nippo).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 6. Омар Фраиле; 38. Йон Исагирре; 42. Алексей Луценко.

Photo credit: @Getty Images