Back To Top

Окситания туры. 3-кезең. Патшалық таулы кезеңде Оскар Родригес 3-орынға ие болды

«Мон-Ванту Челлендж» бір күндік велододасында керемет өнер көрсеткеннен кейін Оскар Родригес «Astana – Premier Tech-тың» жүлде қоржынын толықтыруды жалғастыруда. Ол бүгін «Окситания турының» Ле Морти шыңында мәресіне жеткен патшалық таулы кезеңінде үшінші орынға  ие болды (12,7 шақырым, 6,3%).

Родригес көшбасшы Антонио Педрераны қуып жету үшін қуғыншылардың шағын тобынан қарсы шабуылға шықты. Бірақ мақсатына жете алмаы. Нәтижесінде Педреро кезең жеңімпазы атанып, жалпы есепте көш бастады.

Дегенмен, Родригес кезеңнің финалында барын салып, соңында үшінші жүлдені иеленді. Ол тек екінші нәтиже көрсеткен Хесус Эррадаға ұтылды.

«Турмале мен соңғы асуды қоса есептегенде бүгінгі жарыс күні қиынға соқты. Әріптестерім мені жақсы қорғап, олқылықтың орнын толтыруға көмектесті. Соңғы асуда қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бірақ Педрероны қуып жету мүмкін болмады. Соған қарамастан, мен жоғары нәтиже үшін күресіп, үшінші орынға ие болдым. Бұл нәтижеге өте ризамын», – деді Оскар Родригес.

Патшалық таулы кезеңдегі бүгінгі нәтиженің арқасында Родригес «Окситания турының» жалпы есебінде үшінші орынға көтерілді. 7-нәтиже көрсеткен Astana Premier Tech-тың тағы бір шабандозы Мерхави Кудус та жарысты жақсы өткізді.

«Команда бүгін өте жақсы жұмыс жасады. Ал жігіттер жарыс күнін басынан аяғына дейін керемет өткізді. Евгений Федоров Кол дю Турмаледе командаға көшбасшы топты бақылауда ұстауға көмектесіп, көп жұмыс істеді. Сондай-ақ, Юрий Натаров пен Мерхави Кудус біздің көшбасшымыз Оскар Родригестің қасында соңғы шақырымдарға дейін болды. Біз кезеңдегі жеңіс үшін күресеміз деп үміттенген едік. Бірақ бүгін алдыңғы қатарда мықты шабандоздар болды. Біз оны қуып жете алмадық. Соған қарамастан, Оскар жарысты керемет өткізді. Нәтижесінде жүлдеге ие болдық. Біздің бұл нәтижеге көңіліміз толады», – деп қоса кетті  команданың спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

Окситания туры, 3-кезең. ПьерфитНесталаЛе Морти, 191.8 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Антонио Педреро (Movistar Team); 2. Хесус Эррада (Cofidis, Solutions Credits); 3. Оскар Родригес (Astana – Premier Tech).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 3. Оскар Родригес; 7. Мерхави Кудус; 18. Юрий Натаров.

Photo credit: @Getty Images