Back To Top

Уго Уль «Тур де Франстың» ең ұзақ кезеңін көшбасшы топта өткізді

Уго Уль «Тур де Франс» велододасының ең ұзақ 7-ші кезеңінде көшбасшы топта болды. Ол 249 шақырымдық жарыс жолының басым бөлігін алдыңғы шепте өткізіп, кезеңді 12-болып аяқтады.

Кезең бастала салысымен пелотоннан шабуылдар басталды. Нәтижесінде 28 шабандоз көш бастады. Олардың арасында канадалық Уго Уль де болды. Бұл топ пелотоннан 7 минуттай басымдылыққа ие болды.

Финалға жақын бірнеше шабандоз шабуылдап, көшбасшылар тобын құрды. Осы топтан словениялық Матей Мохорич жекелей шабуылға шығып, кезеңде жеңіске жетті. Уго Уль кезеңді белсенді өткізіп, барын салып, мәреге 12-болып келді.

Қазақстандық шабандоз Алексей Луценко мен Якоб Фульсанг негізгі топпен бірге, жеңімпаздан бес минуттан соң жетінші кезеңді аяқтады. Кезең қорытындысы бойынша Луценко голландиялық Матье Ван Дер Пул көш бастап тұрған бас классификацияда 8-орында қалды.

«Мен қолдан келгеннің бәрін жасадым. Финалда бірнеше рет қарсыластарымды қуып жеттім. Жарыс басталған сәттен бастап қиынға соқты. Шабуылдар көп болды. Содан кейін жан-жағыма қараған сәтте өз тобымда сары жейде иегері мен Ван Арт сияқты жігіттерді көрдім. Біз алысқа бара алмаймыз деп ойладым. Бірақ топ өте мықты болды және бұл біздің алға озуға әлі де мүмкіндігіміз бар екенін білдірді. Күні бойы жоғары жылдамдықпен жүрдік. Бұл өте тамаша болды. Мен бүгінгідей жетістікке жеткеніме өте қуаныштымын. Финалда күшім аз болды. Бірақ бүгінгі күнді осылай өткізгенімді және 100% барымды салғанымды мақтан тұтамын. Мен «Тур де Франсты» дәл осылай өткізгім келеді. Шабуылдауды жалғастырып, жақсы нәтижеге жету үшін бар күшімді саламын», – деді Уго Уль.

Тур де Франс, 7-кезең, Вьерзон – Ле-Кресо, 249 шақырым

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Матей Мохорич (Bahrain Victorious); 2. Яспер Стойвен (TrekSegafredo); 3. Магнус Корт (EF Education – Nippo).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 12. Уго Уль; 24. Алексей Луценко; 38. Якоб Фульсанг.

Photo credit: @Getty Images