Back To Top

Халықаралық Коппи-Бартали апталығы. Хавьер Ромо жалпы есепте 5-нәтиже көрсетті

Жас кәсіпқой шабандоз Хавьер Ромо өзінің алғашқы велосипед маусымында көпкүндік жарыста болашағынан зор үміт күттіретін спортшы екенін көрсетіп, бүгін Италияда аяқталған Халықаралық Коппи-Бартали апталығының бас классификациясында бесінші орынға ие болды.

Жарыстың соңғы бесінші кезеңінде Ромо сегізінші орынға ие болды. Бұл көрсеткіш оған жалпы есепте алғашқы бестік қатарынан көрінуге мүмкіндік берді.

«Бүгін өте мықты шабандоздармен бірге, алға озған топта болдым. Ал көшбасшылардыңкомандасы жарысты бақылауға алып, басымдылықты сақтап қалуға тырысты. Нәтижесінде біз оларды соңғы айналымда қуып жеттік. Мен соңғы асуда шабуылдадым. Бірақ басымдылыққа ие бола алмадым. Бас классификациядағы жағдайды өзгерту мүмкін болмады. Бірақ соған қарамастан командаммен өткізген осы керемет жарыстан тамаша әсер алдым. Енді Испанияда өтетін келесі жарысқа дайындаламын. Онда «Мигель Индурайн Гран-приіне» қатысамын және жеңіс үшін күресте әріптестеріме көмектесуге тырысамын», – деді Хавьер Ромо.

Италиялық көпкүндіктің бесінші кезеңі шабандоздар үшін тағы бір маңызды сынақ болды. Пелотонға Форли маңында 22 шақырымдық жеті айналымды бағындыру керек болды. Алты шабандоз көшбасшы топ құрды. Алайда финалға жақындағанда пелотон бұл топты қуып жетті.

Көшбасшы топты пелотон қуып жеткен соң Хавьер Ромо мәреге 10 шақырым қалғанда қарсыластарынан бөлініп шыққан 15 шабандоздан тұратын шағын топқа барып қосылды. Алайда, кейінірек осы топтан жалпы классификацияның көшбасшысы Йонас Вингегаард пен Миккел Хоноре шабуылға шықты және шабандоздардың ешқайсысы бұл шабуылға қосыла алмады. Нәтижесінде, Хоноре кезеңде жеңіске жетсе, ал Вингегаард жалпы есепте жеңімпаз атанды.

Ромо кезеңді сегізінші болып аяқтады және жалпы есепте бесінші орынға ие болды. Astana – Premier Tech-тің тағы бір өкілі Родриго Контрерас та жарыс жолын жақсы өткізіп, жалпы есепте 13-орынға ие болды.

Халықаралық Коппи-Бартали апталығы, 5-кезең. Форли – Форли, 166 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Миккел Хоноре (DeceuninckQuickStep); 2. Йонас Вингегаард (Team JumboVisma); 3. Шейн Арчбольд (DeceuninckQuickStep).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 8. Хавьер Ромо; 38. Родриго Контрерас; 49. Никита Стальнов.

Жалпы есептің үздік үштігі: 1. Йонас Вингегаард (Team JumboVisma); 2. Миккел Хоноре (DeceuninckQuickStep); 3. Ник Шульц (Team BikeExchange)

AstanaPremier Tech Жалпы есептің үздік үштігі: 5. Хавьер Ромо; 13. Родриго Контрерас; 56. Никита Стальнов.

Photo credit: @Getty Images