Back To Top

Халықаралық Коппи-Бартали апталығы. 4-кезең. Хавьер Ромо мәреге 2-болып келді

Astana – Premier Tech командасының жас шабандозы бүгін «Халықаралық Коппи-Бартали апталығының» төртінші кезеңінің финалында үлкен серпіліс жасады. Ол Сан-Марино маңында өткен ең қиын жарыстан кейін екінші орынға ие болып, елді тәнті етті.

Кезеңнің басында 11 шабандоздан құралған, оның ішінде қазақстандық-канадалық командаөкілі Мануэле Боаро бар топ алға озды. Бұл топ пелотоннан төрт минуттан аса уақыт басымдылыққа ие болды.

Алайда, бас классификация көшбасшысы Йонас Вингегаардтың командасы асулардың әрқайсысында жағдайды өз бақылауына алып, көшбасшы топпен уақыт айырмашылығын қысқартты. Сан-Маринодағы соңғы айналымға жақындаған кезде Боароның тобы негізгі топтан 30 секунд уақыт айырмашылығымен көш бастады.

Финалдық айналымда алға озған топтың соңғы шабандоздарын кейінгі топ қуып жеткеннен жарыс тағдыры спринтте шешілді. Жақсы позицияны ұстанған Хавьер Ромо мәреге 300 метр қалғанда спринтті бастады. Бірақ мәре сызығының алдында Вингегаард оны айналып өтіп, кезеңде жеңіске жетті.

Хавьер Ромо үшін бұл оның кәсіби мансабындағы алғашқы маусымы және ол маусымды Astana – Premier Tech сапында бастады.

«Кезекті сайыс күні. Біз команда ретінде өте жақсы жұмыс жасадық. Жарыс күні өте қиынға соқты. Бірақ мен мәреге бір жарым шақырымдай қалғанда шабуылға шықтым. Содан кейін олар мені қуып жетті. Мәре сызығына 300 метр қалғанда тағы шабуылға шықтым. Позициям жақсы болды. Бірақ Вингегаард бәрібір менен озып кетті. Бүгін кезең барысында өзімді өте жақсы сезіндім және жеңіске жету үшін бірнеше сантиметр ғана жетпей қалғаным өкінішті. Ертең бізде тағы бір кезең бар. Сондықтан қайта бабымызды сынап көреміз», – деді Хавьер Ромо.

Жарыстың соңғы төртінші кезеңінің алдында Хавьер Ромо жалпы есепте 4-орынға көтерілді.  Ол Вингегаардтан 14 секундқа ғана қалып қойды.

Халықаралық Коппи-Бартали апталығы. 4-кезең. Сан-Марино – Сан-Марино, 154.8 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Йонас Вингегаард (Team Jumbo Visma); 2. Хавьер Ромо (Astana – Premier Tech); 3. Ник Шульц (Team BikeExchange) 

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 2. Хавьер Ромо; 20. Родриго Контрерас;51. Мануэле Боаро.

Photo credit: @Getty Images