Back To Top

Швейцария туры. 5 –кезең. Якоб Фульсанг 2-орынға ие болды

Astana – Premier Tech командасының көшбасшысы Якоб Фульсанг «Швейцария турының» алғашқы нағыз таулы кезеңінде жеңіске жетуге бір қадам жетпей қалды. Мәреге 15 шақырым қалғанда фавориттер тобынан шабуылдаған Фульсанг кейінірек жеке дара көш бастады. Алайда, финалға жақын оны эквадорлық Ричард Карапас басып озды. Мәреде Якоб Фульсанг спринтті бірінші болып бастады және ұзақ уақыт бойы алдыңғы қатарда болды. Бірақ финиш алдында эквадорлық шабандоз – Astana Premier Tech капитанынан озып кетті.

«Өзімді жақсы сезіндім және бүгінгі кезең қиын әрі ұзақ болғанына қарамастан жарыс жолы маған сәйкес келді. Команда өте жақсы жұмыс жасады. Жігіттер мені алғашқы асудан бастап күні бойы қорғады. Біз жоспарлағандай, соңғы категориялық асудан бастап мен фавориттермен бірге топта қалуды жоспарладым. Содан кейін оларды басып озуға тырсытым. Бірақ Карапастың жақындағанын көргенде аздап күшімді үнемдеуге тырыстым. Себебі мені алдағы уақытта тартысты сайыс күтіп тұрғанын түсіндім. Спринтті тым ерте бастадым деп ойлаймын. Бірақ нәтижесінде жалпы есепте екінші орынға көтерілдім. Алда бірқатар маңызды кезеңдер бар», – деді Якоб Фульсанг.

«Бұл кезеңге көңіліміз толады. Жігіттер бірге өте жақсы жұмыс жасады және Якобты тамаша позицияға шығарды. Соңғы асуда Якоб өзін жақсы сезінді. Сондықтан ол біз күткеннен де сәл ертерек шабуыл жасады. Соған қарамастан мықты өнер көрсетті. Соңында оған жеңіске жету үшін бірнеше сантиметр ғана жетпей қалды. Жалпы есепте ол қазірдің өзінде екінші орынға ие болып, Карапасқа жақындадвы. Бірақ барлық негізгі кезеңдер әлі алда. Ертең бізді тағы бір қиын күн күтіп тұр және Якобқа барынша қолдау көрсетуге тырысамыз», – деді команданың техникалық менеджері Иван Веласко.

Швейцария туры, 5-кезең. Гштаад – Лойкербад, 175 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Ричард Карапас (INEOS Grenadiers); 2. Якоб Фульсанг (Astana – Premier Tech); 3. Майкл Вудс (Israel Start-Up Nation).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 2. Якоб Фульсанг; 34. Йонас Грегаард; 35. Стефан Де Бод.

Photo credit: @Getty Images