Back To Top

Astana – Premier Tech командасының жастар құрамы «Каталония Вуэльтасында» өнер көрсетеді

«Каталония Вуэльтасында» өнер көрсететін Astana – Premier Tech командасының жеті шабандозының бесеуі 25 жасқа дейінгі жігіттер. Осындай жас құрама 22-28 наурыз аралығында өтетін Әлемдік тур күнтізбесіндегі ең ежелгі апталық жарыста өз-өздерін көрсетуге дайын.

2020-жылы COVID-19 пандемиясына байланысты ұйымдастырушылар жарысты тоқтатуға мәжбүр болғаннан кейін, биыл «Каталония Вуэльтасы» 100-ші шығарылымымен Әлемдік Турға қайта оралды. Бұл көпкүндік жарыстардың рекорды (Гранд-Турларды есептемегенде) болып табылады.

Команданың негізгі көшбасшылары осы маусымдағы негізгі мақсаттарына дайындалып жатқанда, Astana – Premier Tech Каталонияға жас және өте өршіл шабандоздар құрамымен бірге кезеңдердің бірінде жеңіске жетуді жоспарлап отыр.

«Біз «Каталония Вуэльтасына» жалпы есепте де, жеке кезеңдерде де өздерін көрсете алатын жас шабандоздарды алып барамыз. Бізде бас классификацияда жоғары орындарға таласа алатын өте талантты шабандоз – Харольд Техада бар. Вадим Пронский немесе Стефан Де Бод сияқты жас және өршіл жігіттер де бар. Олар кезеңде жеңіске жетуге тырысады. Әрине, Испания чемпионы Луис Леон Санчес те бар. Ол барлық кезеңдерде айқын фаворит болып табылады. Ол «Каталония Вуэльтасына» соңғы «Париж-Ниццадан» кейінгі тамаша бабымен барады. Алғашқы кезеңнен финалға дейін бізді өте қиын жарыс күтіп тұр. Сондықтан бірінші кезекте жекелей кезеңдерде сынға түсуге дайындаламыз», – деді команданың спорт директоры Бруно Ченьялта.

Команда құрамы: Стефан Де Бод (ОАР), Мерхави Кудус (Эритрея), Вадим Пронский (Қазақстан), Оскар Родригес (Испания), Луис Леон Санчес (Испания), Харольд Техада (Колумбия), Йонас Грегаард Вилсли (Дания).

Спорт директорлар: Бруно Ченьялта (Италия), Сергей Яковлев (Қазақстан).