Back To Top

Astana – Premier Tech командасы бірнеше көшбасшы шабандоздармен бірге «Сан-Себастьян классикасына» қатысады

Шағын үзілістен кейін 2021 жылғы Әлемдік турдың күнтізбесі осы сенбі, 31-шілде күні «Сан-Себастьян классикасы» біркүндік веложарысымен қайта жалғасын табады. Astana – Premier Tech командасы әмбебап құраммен өнер көрсетеді және бұл жарыста жоғары нәтижеге жету үшін түрлі жағдайларға дайын.

Биылғы жылы ұйымдастырушылар алты санатты асулары бар 223,5 шақырымдық жарыс жолын дайындады. Оның соңғысы Мурхиль-Тонторра (2,1 шақырым, 10,1%) мәреге 8 шақырым қалғанда орналасқан.

«Әдеттегідей, бұл жарысқа қатысатын шабандоздар құрамы өте мықты болады. Көптеген шабандоздар Сан-Себастьян көшелерінде жеңіске таласу үшін осында келеді. Біздің команда фавориттердің қатарында. Біз жарысты ұйымдастыруға тырысамыз. Дегенмен, финалда  мүмкіндіктер іздейтін басқа командаларды да бақылауда ұстаймыз. Команда екі көшбасшы үшін жұмыс істейді. Олар «Вильяфранка-де-Ордисиядағы» жеңісімен өзін жақсы жағынан көрсеткен Луис Леон Санчес пен осындай жарыстарда әрқашан мықты Горка Исагирре. Бірақ менің ойымша, Оскар Родригес «Сан-Себастьян классикасында», әсіресе «Вильяфранка-де Ордисияда» өзін керемет көрсеткеннен кейін жеңіс үшін бәсекеге түсе алады. Маусымның екінші жартысында өтетін Дүниежүзілік турдың алғашқы велододасына арналған бірнеше жоспарымыз бар және біз жарысты жақсы өткізуге тырысамыз», – деді «Astana – Premier Tech» командасының спорт директоры Джузеппе Мартинелли.

«Сан-Себастьян классикасында» қазақстандық-канадалық команда келесі құраммен өнер көрсетеді: Евгений Федоров, Юрий Натаров, Оскар Родригес, Хавьер Ромо, Луис Леон Санчес, Никита Стальнов, Горка Исагирре.