Back To Top

Astana – Premier Tech «Страде Бьянке» веложарысында он үздіктің қатарына кіруді көздеп отыр

Сиенадағы әйгілі Пьяцца дель Кампо алаңы тағы да Тоскананың ақ қиыршық тас жолдарымен өтетін (184 шақырымдық жарыс жолының 60 шақырымнан астамы осындай қиыршық тас жолдарға салынады) италиялық классикалық «Страде Бьянке» жарысын өткізуге дайындалып жатыр.

Astana – Premier Tech командасы бұл жарысқа бірнеше жоспармен келді.

Команданың капитаны Якоб Фульсанг 2019-жылы осы жарыстың вице-чемпионы атанса, 2020 жылы 5-орын иеленген. Ол осы маусымда да жақсы өнер көрсетуді көздейді.

«Бұл жарыс туралы керемет естеліктер қалды – 2019 жылғы жеңіс, өткен маусымда бесінші орын. Былтыр ауа-райы да әсер етті. Бірақ, әрине, тамыздағы жарыс ерекше болды. Биылғы жылы болжам бойынша жаңбыр жауады. Сондықтан жарыс шынымен қиын болуы мүмкін. Алайда, бізде өршіл, тәжірибелі және мықты команда бар. Мен сенбі күні басталатын күнтізбедегі ең әдемі жарыстардың бірін асыға күтемін. Бұл маусымды Франциядағы алғашқы жарыстардан жақсы нәтижемен бастадым. Сондықтан айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете аламын деп үміттенемін», – деді Якоб Фульсанг.

Алекс Аранбурудың да, Горка Исагирренің де бабы тамаша. Олар демалыс күндерін Бельгиядағы алғашқы классикалық сайыстарды тамаша өткізді. Ал даниялық шабандоз Йонас Грегаард Вилсли үшін «Страде Бьянке» маусымның алғашқы жарысы болмақ.

Команда құрамына Уго Уль, Фабио Феллине және Мануэле Боаролар да қосылады.

«Өткен аптада біз Францияда Якобтың бабының жақсы екенін көрдік. Ол былтыр мәреге 70 шақырым қалғанда шабуылдап, ұзақ уақыт алдыңғы қатарда болды. Сондай-ақ біздің команда құрамында Горка мен Алекс бар. Олардың да бабы өте жақсы. Себебі өткен демалыс күндері Бельгияда өткен беделді «Омлууп Хет Ньюзблад» классикалық веложарысында Аранбуру  Исагиренің қолдауымен мәреге 6-шы болып келді. Уго, Мануэле және Фабиомен бірге бізде өте тәжірибелі команда бар. Олар жарыста көп нәрсеге қабілетті. Йонас Алекс Аранбуру сияқты алғаш рет «Страде Бьянкеге» қатысады. Бірақ ол Якобқа қолынан келгенше көмектесуге тырысады. Біз жарыстың қалай өрбитінін, кімнің алдыңғы қатарда болытын және финалдың қалай өтетінін күтеміз. Қалай болғанда да, бізде бірнеше жоспарды іске асыруға жақсы құрам бар», – деді команданың спорт директоры Стефано Занини.

06.03.2021

Страде Бьянке, СиенаСиена, 184 шақырым.

Команда құрамы: Алекс Аранбуру, Мануэле Боаро, Йонас Грегаард Вилсли, Фабио Феллине, Якоб Фульсанг, Уго Уль, Горка Исагирре.

Спорт директорлар: Бруно Ченьялта, Стефано Занини.