Back To Top

Василис Анастопулос Astana Qazaqstan Team бапкерлер тобының жетекшісі болады

Белгілі велоспорт бапкері Василис Анастопулос Astana Qazaqstan Team командасымен келісімге қол қойды. Оған сәйкес 2024 жылғы маусымнан бастап ол бапкерлер тобының жетекшісі болады.

«Мен Әлемдік турдағы ең беделді командалардың бірі «Астанаға» қосылғаныма өте қуаныштымын. Александр Винокуров маған команданың болашағына деген көзқарасы туралы айтып, мені оның бір бөлігі болуға шақырғанда, екі ойлы болмадым. Бұл керемет мүмкіндік болды. Мен үлкен нәтижелерге жету үшін командамен жұмыс істеуді асыға күтемін», – деді Василис Анастопулос.

 

«Василистің тәжірибесі мен білімі командадағы жарысқа дайындықты жақсартуға көмектесіп, нәтижемізді айтарлықтай арттырады. Сонымен қатар, біз спринт бағытын дамытуға ұмтылудамыз. Менің ойымша, Василис бізге қазіргі таңда нағыз қажет адам. Ол өте тәжірибелі маман. Василистің біз жұмыс істеуіміз керек негізгі салаларға қатысты көзқарасы бізге Марк Кавендиш пен Кейс Боллдың келуімен және осы жылы алған бағытты жақсартуға көмектеседі. Яғни көпкүндік жарыстар мен таулы аймақтағы кезеңдердегі Алексей Луценко сияқты шабандоздармен жұмыс. Сонымен қатар, қазақстандық жас бапкерлер оның баға жетпес тәжірибесін өз жұмысы үшін үйренуге мүмкіндік алады. Біз көп жұмыс істеуге дайынбыз. Сондықтан мен оның 2024 жылы командаға қосылуына оң көзқараспен қараймын», – деді Александр Винокуров.