Back To Top

Александр Власов «Джиро д’Италияда» команда көшбасшысы болады

Александр Власов қазақстандық-канадалық команда құрамындағы екінші маусымын «Прованс Турынан» бастайды. Бұдан кейін «Париж-Ницца» және маусымдағы ең маңызды жарыс – «Джиро д’Италияда» өнер көрсетеді. Ресейлік жас шабандоз италиялық суперкөпкүндіктің жалпы есебі бойынша алғашқы бестік қатарынан көрінуге тырысады.

Былтырғыдай 2021 жылғы маусымды «Прованс турынан» бастаймын. Содан кейін «Париж-Ниццада» өнер көрсетемін. Осы жарыстардан кейін таулы аймақтағы оқу-жаттығу жиыны мен «Альпі туры» арқылы мен осы маусымдағы ең үлкен мақсатым – «Джиро д’Италияға» дайындаламын. Мен «Испания Вуэльтасына» қатысып Гранд-Турларда тәжірибе жинадым. Өткен жылы «Джиродағы» дебютім ойымдағыдай болмады. Енді мен Италияға оралып, қолымнан не келетінін көрсетуге бел будым. «Джиродан» бөлек,  Олимпиада ойындарында – өнер көрсеткім келеді, – деді Александр Власов.

Photo credit: @Gettysport