Back To Top

Алексей Луценко: «Маусымның финалы қызықты болды»

Жалпы 2023 жылғы маусымға қандай баға берер едіңіз?

«Жалпы алғанда, әрине, өткен маусым қиын әрі түрлі оқиғаларға толы болды. Бір жағынан, денсаулығымда мәселелер болды. Оған қоса биыл өзімді толықтай көрсете алмадым. Ал екінші жағынан тоғыз жеңіске жетіп, оның ішінде Азия ойындарында Қазақстан үшін ғана емес, жеке мен үшін де және командам үшін де өте маңызды табысқа жетіп, Евгений Федоровпен бірге топтық жарыста алтын да, күміс те жеңіп алдық».

Өткен жылы сіздің негізгі спорттық мақсаттарыңыз қандай болды?

«Негізінен, 2023 жылы командамен бірге біз Astana Qazaqstan Team үшін де, Қазақстан құрамасы үшін де ең маңызды болған екі негізгі жарысқа назар аударғымыз келді. Бірінші басты мақсат – «Тур де Франс», екіншісі – төрт жылда бір өтетін Азия ойындары. Бұл жарыстардың мәртебесі өте жоғары.Дайындықтың нашарлығына байланысты «Тур де Франста» бәрі ойдағыдай болмады. Пандемияның әсері осы маусымда көптеген шабандоздарға әсер етті. Олардың қатарында мен де бармын. Жылдың алғашқы жартысындағы маңызды сәттерде – «Сицилия турында» және «Амстел Голд Рэйс» жарысында жақсы өнер көрсеткеннен кейін, монументалды классикалық жарыста өзімді лайықты көрсетуге мүмкіндік болған «Арденн аптасында», «Льеж – Бастонь – Льеж», содан кейін «Тур де Франсқа» соңғы дайындық кезінде, «Швейцария туры кезінде» екі рет ауырдым.

Нәтижесінде «Үлкен күрмеуде» тамаша бабымда болу мүмкін болмады. Дегенмен кейінірек, маусымның екінші бөлігінде, дайындықтар жақсарған кезде, нәтижелер жоспар бойынша болды. Тур аяқталған соң бір аптадан кейін Испаниядағы бір күндік «Сиркуито де Гечо» жарысында, ал бірнеше аптадан кейін Италиядағы «Марко Пантани мемориалында» жеңіске жеттім.

Нәтижесінде мен екінші басты мақсат – Азия ойындарында 100% бабымда болдым және оған өте қуаныштымын. Мен үшін Азия ойындары әрқашан керемет мотивация беретін жарыс. Өйткені бұл ойындарда сен өз еліңнің намысын қорғайсың. Ал бүкіл Қазақстан спортшылардың өнерін тамашалайды, жеңістер мен жоғары нәтижелер күтеді. Жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алғаныма, сондай-ақ нағыз командалық стратегия мен рухты көрсете отырып, Евгений Федоровпен бірге топтық жарыста қос жетістікке жеткенімізге өте қуаныштымын».

Азия ойындарынан кейін «Түркия президентінің турында» да үлкен жетістікке жеттіңіз…

«Иә, маусымның финалы қызықты болды! «Түркия турында» бізде тамаша команда, кез келген қиындықты жеңе алатын біртұтас, ұйымшыл ұжым болды. Жарыстың әр кезеңінде, әр сәтінде жігіттердің қолдауын сезіндім. Мұның бәрі маған мотивация беріп, патшалық таулы кезеңді, одан кейін көпкүндіктің жалпы есебінде жеңіске жетуге күш берді. Бұл тамаша жарыс болды. Егер өткенге қайта көз жүгіртер болсақ, маусым тамаша өтті».

Бас серіктес «Самұрық-Қазына» мен «SportQory» спортты қолдау қорының қолдауымен.

Photo credit: @SprintCycling