Back To Top

Йон Исагирре «Баск елдерінің турындағы» нәтижесін қайталап көрмек

Испаниялық шабандоз Йон Исагирре маусымның алғашқы бөлігінде «Баск елдері туры» додасына ден қоймақ. Бұл жарыс оның туған жерінде өтеді. Сосын барып Арденн классикаларына дайындалып, «Критериум дю Дофине» додасының да дәмін татып көрмек. Ал негізгі міндеті «Тур де Франстағы» кезеңдердің бірінде жеңімпаз атану болып отыр.

– Маусымның басында бірнеше жарысқа қатарынан қатысып көргенді жөн санадым. Оның ішінде әлбетте «Париж – Ницца» да бар. Бұл жарыс маған «Баск елдері турыың» алдында ғаламат тәжірибие алып келеді деп ойлаймын. Негізі жоспар бойынша Арденн классикаларына да қатыссам деп отырмын, алайда дәл сол уақыттарда жұбайым үшінші нәрестемізді дүниеге әкелейін деп отыр. Жанұя мен үшін басты рөлде. Сондықтан да, ол жарыстарға қатысу қатыспауым әлі белгісіз. Десе де, басты мақсатым «Тур де Франста» көзге түсіп, кезеңдерде жеңімпаз атану. 2019 жылы «Баск елдері турында» жеңімпаз атанған едім. Биыл сол жеңісті жолды жалғағым келіп отыр, – деді Йон Исагирре.

Photo credit: @Gettysport