Back To Top

Лангкави туры. Глеб Сырица Куала-Лумпурдағы соңғы кезеңде жеңіске жетті

Astana Qazaqstan Team биылғы «Лангкави турын» жеңіспен аяқтады: Глеб Сырица Куала-Лумпур көшелерінде өткен малайзиялық көпкүндіктің финалдық кезеңінде жаппай спринтте жеңіске жетті.

Спринт ымырасыз өтті және кезең тағдырын фотофиниш шешті: Глеб Сырица Даниэль Баборды велосипед түтігінің қалыңдығындай-ақ ара қашықтық айырмашылығымен жеңді.

«Жарыс күні өте шиеленісті өтті және бір сәтте мен көшбасшы топқа кездейсоқ қосылдым. Жағдай қуантарлықтай көрінбеді. Сондықтан біраз уақыттан кейін пелотон бізді қуып жетті. Дегенмен төрт шабандоз әлі де шабуылдауды жалғастыруды шешті. Ал мәреге шамамен 30 шақырым қалғанда бұл топтың әлі екі жарым минуттай уақытыбар еді. Жағдай қауіпті болды. Дегенмен, біздің команда барлығын «мінсіз» орындады. Көшбасшыларды қуып жету үшін жігіттердің әрқайсысы 100% барын салды. Нәтижесінде, мәреге 4 шақырымдай қалғанда көшбасшыларды негізгі топ қуып жеткеннен кейін спринтте бағымды сынап көру кезегі маған келді. Спринтті бастау үшін жақсы позицияға жайғастым, бәрі ойдағыдай болды. Иә, барлығы өте жақын болды. Мен жеңімпаз болғаныма қуаныштымын. Жалпы, біз Лангкави турында тамаша апта өткіздік және мен командаға екі жеңіс әкелгеніме өте қуаныштымын», – деді Глеб Сырица.

Astana Qazaqstan Team командасының екі шабандозы «Лангкави турының» жалпы есебі бойынша алғашқы ондыққа енді: Вадим Пронский 5-орынға ие болды. Сонымен қатар ол Азияның үздік шабандозы классификациясының жеңімпазы атанды. Ал Харольд Мартин Лопес (Astana Qazaqstan Development Team) мәреге 10-болып келді. Бұл оның «Бургос Вуэльтасында» 9-нәтиже көрсеткеннен кейінгі екінші үздік ондық қатарынан көрінуі.

Photo credit: @SprintCycling