Back To Top

Льеж-Бастонь-Льеж. Якоб Фульсанг мәреге 12-болып келді

Бүгін Якоб Фульсанг Бельгияда өткен Арденн апталығын аяқтаған ежелгі монументалды «Льеж-Бастонь-Льеж» классикалық велододасында 12-орынға ие болды.

Astana – Premier Tech командасы өз капитанын қажетті сәтте дұрыс позицияға шығару үшін өте жақсы жұмыс жасады. Фульсанг жарыс жолының соңғы асуында қарсыластарының шешуші шабуылына жауап беруге тырысты. Бірақ соңында қуғыншылар тобына түсті. Осы топтың бар күш-жігерін салғанына қарамастан, тауға қарай жолда орын алған шабуылдан кейін басымдылыққа қол жеткізген бес көшбасшыны қуып жету мүмкін болмады. Нәтижесінде дәл осы бес шабандоз жеңісті өзара сарапқа салды. Ал Якоб Фульсанг жарысты 12-болып аяқтады.

Словениялық Тадей Погачар сайыстың жеңімпазы атанса, ал қазіргі Әлем чемпионы француз Джулиан Алафилипп пен француз Давид Годю жеңіс тұғырын толықтырды.

«Әрине, мен жарыстан басқаша нәтиже күттім. Дегенмен, жалпы біздің көрсеткен нәтижемізге көңілім толады. Маған сәл ғана уақыт жетпей қалды. Біз жауынгерлік рухты көрсетіп, жарыстың шешуші сәтінде алда болдық. Жігіттер бұл жарысты барлығына өте қиындатып жіберді. Сонымен қатар олар маған күні бойы керемет қолдау көрсеттлдау көрсетті. Финалда біз Кот-де-ла-Роше-о-Фокон асуында болғанда мен артта қалдым. Әрине, 2019-жылдың жетістігін қайталағым келеді. Бірақ нәтиже болмады. Енді мен демалыс аламын. Содан кейін «Швейцария туры» мен «Тур де Франс» жарыстарында бақ сынаймын», – деді Якоб Фульсанг.

Велодода басталған сәтте 10 минуттай басымдылыққа қол жеткізген жеті шабандоз көшбасшы топ құрды. Жарыс жолының екінші жартысында Astana – Premier Tech шабандоздары Луис Леон Санчес, Омар Фраиле және Алекс Аранбуру негізгі топта іріктеу жүргізген бірнеше жойқын шабуылдар жасады. Сонымен бірге Стефан Де Бод, Алексей Луценко және Уго Уль пелотонда Якоб Фульсангтың позициясын қорғады.

Алғашқы маңызды сәт әйгілі Ля-Редут асуында орын алды. Шабуылдар сериясынан кейін Фульсанг, Фрайле және Аранбуруды қоса алғанда шағын көшбасшылар тобы құрылды. Кот-де-ла-Рош-о-Фоконның соңғы асуында бес шабандоз шабуылға шықты және бұл шабуыл шешуші болды.

«Тағы да, Льеж-Бастонь-Льеж өте қиын болып шықты. Біздің жігіттер жарысты өте жақсы өткізді. Бірнеше рет шабуылдап, жарысты күрделендіріп, қарсыластарын өз күштерін жұмсауға мәжбүр етті. Якоб финалда жақсы позицияда болды. Бірақ шешуші жойқын шабуылды қолдауға сәл жетпеді. Бір топ қуғыншылар орын алған олқылықты толтыруға тырысты. Бірақ осы бес шабандоз бүгін ең мықты болды. Қалай болғанда да команда жақсы өнер көрсетті. Біз жоғары нәтиже үшін күресіп, жеңіске біртабан жақын болдық», – деп қоса кетті команданың спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

Льеж-Бастонь-Льеж, 259,1 шақырым.

Үздік үштік: 1.Тадей Погачар (UAE-Team Emirates); 2.Жулиан Алафилипп (Deceuninck – Quick Step); 3.Давид Годю (Groupama – FDJ).

Astana – Premier Tech Үздік үштік: 12.Якоб Фульсанг; 21.Алекс Аранбуру; 30.Омар Фраиле.

Photo credit: @Getty Images