Back To Top

Марк Реншоу: Біз дұрыс бағыттамыз

Astana Qazaqstan Team спорт директоры Марк Реншоу  «Даун Андер Туры» бойынша есеп берді:

«Осы сайысқа қойған мақсаттарымызды орындай алмасақ та, біз келесі жарыстарға жақсы дайындықпен бара жатырмыз деп айта аламын. Біздің үш шабандозымыз үшінші кезеңде үлкен жылдамдықпен келіп қақтығысқа ұшырады. Сәттілік серік болмағанының салдары шығар деп ойлаймын. Ауырып, жарыстан шығып кеткенге дейін Макс Кантера Рюдигер Зелигпен бірге тамаша өнер көрсетті. Бұл екі шабандоз спринтерлік жұп құрайтын секілді. Кристиан Скарони иығындағы жарақатқа қарамастан жарыстың көщбасшыларымен бірге алғашқы ондықта келді. Бұл біздің команда үшін позитивті жағдай. Енді келесі аптада Аустралиядағы кезекті жарысқы дайындаламыз. Ал өзіме келетін болсам Стефано Занинимен бірге спорт директоры қызметінде алғашқы аптаны сәтті өткіздім. Өзімді ешқашан велоспорттан кетпеген адам іспетті сезіндім. Маған спорт директоры қызметі өте ыңғайлы екенін де осы жерде анық аңғардым».

Photo credit: @SprintCycling