Back To Top

Якоб Фульсанг «Арденн классикасы» мен Олимпиада ойындарына дайындалады

Якоб Фульсанг өткен жылдардағыдай маусымды «Андалусия Вуэльтасы» көпкүндігімен бастауды жоспарлап отыр. Алайда, күнтізбенің өзгеруіне байланысты Дания құрамасының көшбасшысы ақпан айының ортасында Францияда өтетін жарыстардың бірінде өнер көрсетуі мүмкін.

Содан кейін даниялық шабандоз Италияда өтетін көктемгі классикалық жарыстарға және «Фландрия Туры» мен «Баск елдерінің турында» бақ сынайды. Содан кейін ол өзінің биылғы маусымдағы алғашқы үлкен мақсаты Арденн классикалық жарысына қатысады. Якоб Фульсанг үшін «Тур де Франста» өнер көрсету биылғы жылдың басты мақсаты. Бұл жарыс Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындықтың үлкен кезеңі болады.

Осы маусымдағы менің бірінші мақсатым – Арденн классикалық жарыстары.  Содан кейін мен Альпі тауындағы жаттығу базасына баруды жоспарлап отырмын, содан кейін Тур де Франста өнер көрсетемін. Тура сол жерде Олимпиадаға дайындаламын. Мен Риодағы күмісті Токиодағы алтынға айырбастағым келеді. Әрине, «Тур де Франста» ең болмағанда кезеңді жеңіп алу өте жақсы болар еді, бірақ менің басты мақсатым – Олимпиада ойындарындағы топтық жарыс. Жалпы, өз күнтізбеме ризамын. «Тур де Франс» бағыты Токиодағы жарыс жолы сияқты жеңіске жету үшін қолайлы деп ойлаймын, – деді Якоб Фулсанг.

Photo credit: @Gettysport