Back To Top
Astana - Premier Tech Team 2021

Astana – Premier Tech команданың жаңа серіктесімен таныстырып, 2021 жылға арналған жоспарларымен бөлісті

Бүгін, Бенидормде (Испания) ресми онлайн-презентация аясында Astana – Premier Tech командасы жаңа серіктесін таныстырды, сондай-ақ команда көшбасшыларының жаңа маусымға арналған мақсаттары мен күнтізбелері туралы айтты.

Әлемдік велоспорттың жоғарғы лигасында өзінің 16-шы маусымын бастай отырып команда канадалық Premier Tech компаниясын тек демеуші ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанмен бірге команданың жаңа иегерлерінің бірі ретінде (тең үлескер) таныстырды. Premier Tech үшін бұл кәсіби велоспорттағы жаңа қадам болмақ.

Команданың серіктесі жаңа мәртебесі біздің тарапымыздан шабандоздар мен бүкілАстана – Premier Tech-ке қолдауды одан әрі күшейтеді. Біздің велоспортқа дегенқұштарлығымыз Канадаға осы спорт түрінің маңызды деңгейдегі қатысушысы ретіндеөзін нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіканадалық кәсіби шабандоздардың жаңа буынына жол ашуға көмектеседі, – деді Premier Tech-тың президенті және бас атқарушы директоры Жан Белангер.

 

– Мен команданың иегерлерінің бірі ретінде Premier Tech-пен ынтымақтастықты бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл ерекше сәт. Өйткені біздің командамыздың тарихында алғаш рет шетелдік компания қазақстандық акционермен қатар тең акционер ретінде келісімге келді. Екі тарапты байланыстыру командаға болашаққа деген ұзақ мерзімді күш пен сенімділікті, сондай-ақ компанияға кәсіби Әлемдік турдың командасымен бірге алға үлкен қадам жасауға, ал бізге шабандоздарға жеңіске жету жолында барынша қолдау көрсету арқылы бизнес моделін дамытуға мүмкіндік береді, – деді Astana – Premier Tech командасының басқарушы директоры Яна Зель.

Жаңа одақты айқындай түсу үшін команда қазақстандық-канадалық серіктестерді таныстыру мақсатында өз дизайнын өзгертті.

Одан бөлек, қазақстандық-канадалық команда жаңа маусымдағы негізгі мақсаттарымен бөлісті. Өткен жылдардағыдай, Гранд-турлар мен апталық жарыстардың жалпы есебі бойынша  сәтті өнер көрсетуге ерекше назар аударылады.

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко жаңа маусымдағы алғашқы жарысын Францияда бастайды. Ол «Прованс Туры» додасына қатысады. Сосын барып, «БАӘ турында» бақ сынап, артынша «Милан – Сан-Ремо» додасына түседі. Сонымен қатар, Алексей команда атынан тастақты жолдарда өтетін «Е3 БинкБанк», «Гент-Вевельгем» және «Фландрия Туры» жарыстарына қатысады. Сондай-ақ, Луценко Арденн классикаларына барып, «Амстел Голд Рэйс» және «Льеж – Бастонь – Льеж» сайыстарында өз бағын сынап көрмек. Маусымның екінші жартысында Луценко үшін басты мақсат «Тур де Франс» пен Токио Олимпиадасы болатыны сөзсіз. Алексей биыл төртжылдықтың басты додасында Қазақстан намысын қорғамақ.

– Жарыс жылын «Прованс турынан» бастағанды жөн санадым. Сосын «Әмірліктердің турына» кетемін. Ал одан ары қарай таңдау жасауым қажет. «Париж-Ницца» немесе «Тиррено-Адриатико» жарыстарының бірін таңдауым керек. Менің дәл қазіргі басты мақсатым маусымның бастапқы бөліміне жақсы баппен келу болып тұр. Соңғы жыл бізге көп нәрсені үйретті. Бұрынғыдай ыңғайлы жарысты, ыңғайлы жолды іздеудің қажеті жоқ. Барлығы да ауырлықпен келеді екен. Жарыстар кейінге шегеріліп, тіпті өтпей қалуы да ғажап емес қой. Сондықтан да, кез-келген сәтке дайын болған дұрыс. Егер веломаусым жоспарлағандай өте беретін болса онда мен бар күшімді әлбетте «Тур де Франс» пен Олимпиада ойындарына саламын, – деді Алексей Луценко.

Якоб Фульсанг өткен жылдардағыдай маусымды «Андалусия Вуэльтасы» көпкүндігімен бастауды жоспарлап отыр. Алайда, күнтізбенің өзгеруіне байланысты Дания құрамасының көшбасшысы ақпан айының ортасында Францияда өтетін жарыстардың бірінде өнер көрсетуі мүмкін.

Содан кейін даниялық шабандоз Италияда өтетін көктемгі классикалық жарыстарға және «Фландрия Туры» мен «Баск елдерінің турында» бақ сынайды. Содан кейін ол өзінің биылғы маусымдағы алғашқы үлкен мақсаты Арденн классикалық жарысына қатысады. Якоб Фульсанг үшін «Тур де Франста» өнер көрсету биылғы жылдың басты мақсаты. Бұл жарыс Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындықтың үлкен кезеңі болады.

Осы маусымдағы менің бірінші мақсатым – Арденн классикалық жарыстары.  Содан кейін мен Альпі тауындағы жаттығу базасына баруды жоспарлап отырмын, содан кейін Тур де Франста өнер көрсетемін. Тура сол жерде Олимпиадаға дайындаламын. Мен Риодағы күмісті Токиодағы алтынға айырбастағым келеді. Әрине, «Тур де Франста» ең болмағанда кезеңді жеңіп алу өте жақсы болар еді, бірақ менің басты мақсатым – Олимпиада ойындарындағы топтық жарыс. Жалпы, өз күнтізбеме ризамын. «Тур де Франс» бағыты Токиодағы жарыс жолы сияқты жеңіске жету үшін қолайлы деп ойлаймын, – деді Якоб Фульсанг.

Александр Власов қазақстандық-канадалық команда құрамындағы екінші маусымын «Прованс Турынан» бастайды. Бұдан кейін «Париж-Ницца» және маусымдағы ең маңызды жарыс – «Джиро д’Италияда» өнер көрсетеді. Ресейлік жас шабандоз италиялық суперкөпкүндіктің жалпы есебі бойынша алғашқы бестік қатарынан көрінуге тырысады.

Былтырғыдай 2021 жылғы маусымды «Прованс турынан» бастаймын. Содан кейін «Париж-Ниццада» өнер көрсетемін. Осы жарыстардан кейін таулы аймақтағы оқу-жаттығу жиыны мен «Альпі туры» арқылы мен осы маусымдағы ең үлкен мақсатым – «Джиро д’Италияға» дайындаламын. Мен «Испания Вуэльтасына» қатысып Гранд-Турларда тәжірибе жинадым. Өткен жылы «Джиродағы» дебютім ойымдағыдай болмады. Енді мен Италияға оралып, қолымнан не келетінін көрсетуге бел будым. «Джиродан» бөлек,  Олимпиада ойындарында – өнер көрсеткім келеді, – деді Александр Власов.

Испаниялық шабандоз Йон Исагирре маусымның алғашқы бөлігінде «Баск елдері туры» додасына ден қоймақ. Бұл жарыс оның туған жерінде өтеді. Сосын барып Арденн классикаларына дайындалып, «Критериум дю Дофине» додасының да дәмін татып көрмек. Ал негізгі міндеті «Тур де Франстағы» кезеңдердің бірінде жеңімпаз атану болып отыр.

– Маусымның басында бірнеше жарысқа қатарынан қатысып көргенді жөн санадым. Оның ішінде әлбетте «Париж – Ницца» да бар. Бұл жарыс маған «Баск елдері турыың» алдында ғаламат тәжірибие алып келеді деп ойлаймын. Негізі жоспар бойынша Арденн классикаларына да қатыссам деп отырмын, алайда дәл сол уақыттарда жұбайым үшінші нәрестемізді дүниеге әкелейін деп отыр. Жанұя мен үшін басты рөлде. Сондықтан да, ол жарыстарға қатысу қатыспауым әлі белгісіз. Десе де, басты мақсатым «Тур де Франста» көзге түсіп, кезеңдерде жеңімпаз атану. 2019 жылы «Баск елдері турында» жеңімпаз атанған едім. Биыл сол жеңісті жолды жалғағым келіп отыр, – деді Йон Исагирре.

 

Біз қиын маусымды бастан өткердік. Бірақ, қол жеткізген нәтижелерімізге көңіліміз толады. Жалпы 15 жеңіске жетіп, Гранд-Турларда үш кезеңде  үздік нәтиже көрсеттік. Сонымен қатар монументалды классикалық жарыста да жеңіске жеттік. Командамызды ең жақсы жағынан көрсете алдық деп ойлаймын. Биылғы маусымда сегіз жаңа шабандозбен келісім-шартқа қол қойдық. Олардың барлығы жас жігіттер. Бірақ соған қарамастан біз жас таланттарға сенеміз. Оқу-жаттығу жиынын бастағаннан кейін оларды біртіндеп Әлемдік тур күнтізбесіне қосамыз. Біздің басты мақсатымыз – бұл Гранд-турда жеңіске жету. Кім біледі, мүмкін біз сол арманымызды, мысалы, биыл Джиро д’Италияда жүзеге асыра алатын шығармыз, – деді Александр Винокуров.

AstanaPremier Tech командасының толық құрамы (31 шабандоз):

Алекс Аранбуру, Самуэле Баттистелла, Мануэле Боаро, Глеб Брусенский, Стефан Де Бод, Родриго Контрерас, Евгений Федоров, Фабио Феллине, Омар Фраиле, Якоб Фульсанг, Евгений Гидич, Йонас Грегаард Вилсли, Дмитрий Груздев, Уго Уль, Йон Исагирре, Горка Исагирре, Мерхави Кудус, Алексей Луценко, Давиде Мартинелли, Юрий Натаров, Бенжамин Перри, Андреа Пикколо, Вадим Пронский, Оскар Родригес, Хавьер Ромо, Луис Леон Санчес, Маттео Собреро, Никита Стальнов, Харольд Техада, Александр Власов, Артем Захаров.

Спорттық директорлар құрамы:

Дмитрий Фофонов, Бруно Ченьялта, Джузеппе Мартинелли, Стефано Занини, Сергей Яковлев, Стив Бауэр, Дмитрий Муравьев.

Photo credit: @Gettysport