Back To Top

«Польша турында» Astana – Premier Tech жоғары нәтиже көрсетуді көздейді

Astana – Premier Tech командасы Әлемдік Турдың күнтізбесі аясында «Польша туры»көпкүндігіне қатысады. Онда олар жекелей кезеңдерде де, жалпы есепте де жоғары нәтиже көрсетуге тырысады. Жекелей жарыс бойынша Италияның қазіргі чемпионы Маттео Собреро мен талантты қазақстандық шабандоз Вадим Пронский команда көшбасшысы болады.

Команданың басты мақсаттарының бірі Маттео Собреро арнайы дайындалып жатқан жекелей жарыс.

«Польша турының басталуын асыға күтемін. Бұл Италия чемпионатынан кейінгі мен қатысатын алғашқы жарыс. Командамен жарыс ырғағына барынша жылдам ілесіп кетемін деп үміттенемін. Әрине, менің басты мақсатым – кезеңдердің бірінде өтетін жекелей жарыста жоғары нәтиже көрсетуге тырысу», – деді Маттео Собреро

«Жекелей жарысқа» қатысатын Италия чемпионынан басқа, қазақстандық-канадалық командадан топтық жарыста Қазақстан чемпионы Евгений Федоров, сондай-ақ Мануэле Боаро, Давиде Мартинелли, Никита Стальнов, Йонас Грегаард Вилсли мен Собреромен бірге команда капитандарының бірі болатын Вадим Пронский өнер көрсетеді. Сондай-ақ Пронский «Польша турының» жалпы есебінде жоғары нәтиже көрсету үшін таласады.

«Біз «Польша турына» көшбасшыларымыз Маттео Собреро және Вадим Пронскиймен барамыз. Олар бас классификацияда жоғары орындар үшін таласады. Сонымен қатар, қалған жігіттердің көшбасшы топта және жекелей кезеңдерде өздерін көрсетуге мүмкіндіктері бар. Маттео «Джиро» және маусым айындағы жарыстардан соң алған үзілістен кейін қайтып келеді. Ол жарыс ырғағына енуге және өзін «жекелей сында» көрсетуге тырысады», – деді команданың спорт директоры Стефано Занини.

Польша туры, 9 – 15 тамыз.

Команда құрамы: Мануэле Боаро (Италия), Евгений Федоров (Казахстан), Давиде Мартинелли (Италия), Вадим Пронский (Қазақстан), Маттео Собреро (Италия), Никита Стальнов (Қазақстан), Йонас Грегаард Вилсли (Дания).

Спорт директорлар: Стефано Занини (Италия), Сергей Яковлев (Қазақстан).