Back To Top

Astana – Premier Tech «Тиррено – Адриатико» веложарысының кезеңдерінің бірінде жеңіске жетуді көздейді

Таяуда керемет өткен «Страде Бьянке» біркүндік жарысынан кейін Astana-Premier Tech командасының көшбасшысы Якоб Фульсангтың назары «екі теңіз жарысы» «Тирреноға-Адриатико» көпкүндігіне ауысады. Онда ол жалпы есепте жоғары орын үшін ғана емес, белгілі бір кезеңдерде жеңіске жету үшін де сынға түсуді жоспарлап отыр.

Қазақстандық-канадалық команда 56-мәрте ұйымдастаралап жатқан «Тиррено – Адриатиконың» жарыс жолына жақсы құраммен шығады. «Страде Бьянкеде» 9-орынға иеболған команда көшбасшысы Якоб Фульсангтан басқа тізімге Уго Уль, Горка Исагирре, Алекс Аранбуру, Мануэле Боаро, Фабио Феллине және Давиде Мартинеллилер кірді.

Команда асулары көп кезеңдерге басты назар аударуды жоспарлап отыр. Бірақ жалпы есепте жоғары орындарға таласуға тырысады.

««Страде Бьянкеде» біз күткен нәтижені көрсете алмадық. Мен үздік бестікке кіргім келді. Бірақ, бұрын айтқанымдай, менің басты мақсаттарым  – Арденн классикалық жарыстары мен Олимпиада ойындары. Соған қарамастан, мен «Тиррено – Адриатикоға» байыппен қараймын. Өйткені бұл үлкен және маңызды жарыс. Сәуірдегі жарыстарға дайындалаотырып, кезеңдердің бірінде жеңіс үшін таласуға жақсы мүмкіндік. Менің ойымша, бұл жарыста менің командаластарымның мүмкіндігі зор», – деді Якоб Фульсанг.

 

«Біздің Тиррено – Адриатикодағы басты мақсатымыз – бір немесе бірнеше кезеңдерде жеңіске жету үшін күресу. Якоб өзінің маусымдағы басты мақсаттарына жету үшін дұрыс бағытта келе жатыр. Әрине, біз «Страде Бьянкеде» жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттендік. Бірақ бұл велосипорт. Сонымен, қазір біздің басты назарымыз «Тиррено – Адриатикода» сәтті өнер көрсетуге бағытталған. Біздің құрамда тәжірибелі және жас шабандоздар бар. Барлығы да өздерін көрсете алады. Бізде мүмкіндіктердің барлығыболады деп ойлаймын», – деп спорт директоры Бруно Ченьялта қоса кетті.

Тиррено – Адриатико. 10 – 16 наурыз.

Команда құрамы: Алекс Аранбуру (Испания), Мануэле Боаро (Италия), Фабио Феллине (Италия), Якоб Фульсанг (Дания), Уго Уль (Канада), Горка Исагирре (Испания), Давиде Мартинелли (Италия).

Спорт директорлар: Бруно Ченьялта (Италия), Джузеппе Мартинелли (Италия).