Back To Top

Freedom Broker – Astana Qazaqstan Team командасының «Тур де Франстағы» жаңа серіктесі

Freedom Broker инвестициялық компаниясы қазақстандық Astana Qazaqstan Team велокомандасына қолдау көрсетеді. Жаңа серіктес маусымның ең маңызды және ең ірі веложарысы «Тур де Франста» таныстырылады.

– Freedom Broker компаниясына және Тимур Турловқа біздің командаға қолдау көрсеткені және велоспортқа қызығушылық танытқаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің серіктестігіміз екі жақты тиімді болатынына сенімдімін және «Тур де Франс» аясында ғана емес, болашақта да жалғасын табады деп сенемін. Қазақстандық кәсіпкерлердің спорттық жобаларды қолдап, мемлекетке түсетін салмақты азайтып, ел спортының дамуына үлес қосып жатқаны өте қуантады. Әлемдік пелотонда біздің велошабандоздарымыздың киімдерінде қазақстандық брендтер көбейеді деп сенемін», – деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Freedom Broker – өз клиенттеріне дүние жүзі бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға, әлемдегі ең ірі қор биржаларында инвестициялауға, Tradernet мобильді платформасында онлайн сауда жасауға, тегін қаржылық талдаулар мен кәсіби кеңестер алуға, сондай-ақ инвестициялау мен сауда жасауды үйренуге көмектесетін биржалық брокер.

Компания туралы толығырақ: https://ffin.kz