Салқыны сезілген «Тур де Франс». Сандар сөйлесін
Биыл «Тур де Франс» өте ерекше өтті. Әдеттегідей жаздың ортасында күнтізбедегі орнына қайта оралғанына қарамастан, біз шілде айындағы жаздың ыстық күндерін көп көрмедік. Биылғы жылы «Турда» ауа-райы өте салқын және жаңбырлы болды. Бұл жағдайды қиындатып жіберді. Мұны тексеру үшін шабандоздардың пікірін білу жеткілікті.
Осы маусымда біз дене температурасы туралы мәліметтерге көп көңіл бөлеміз. Өйткені біз CORE Body Temperature компаниясымен алты айдан бері жұмыс істеп келеміз.
«Біз бірнеше айдан бері CORE құрылғыларын қолданамыз. Бұл күш-қуат өлшейтін құралға ұқсайды, біз оны әлі де игеріп жатырмыз. Өйткені бұл мүлдем жаңа технология. Осыған дейін бізде мұндай мәліметтер болған емес, Сондықтан бәрін бірінші рет өткізіп жатырмыз. Біз қазір бұлшықеттерді жылыту және салқындату протоколдары үшін пайдаланылатын мәліметтерді қалай жақсы қолдануға болатындығын және температураның жарыстар мен жаттығуларда қалай әсер ететінін анықтауға тырысамыз», – дейді Astana – Premier Tech командасының техникалық менеджері Иван Веласко.
«Тур де Франс» кезеңдеріндегі фотосуреттерді қараған кезде, сіздің назарыңызға бір нәрсе түседі – шабандоздардың түрінен ауырсынуды байқауға болады. Кезеңдер көбінесе суық температура мен толассыз жауын-шашынмен күшейеді. Веласко әдеттен тыс температураның шабандоздың негізгі мәліметтеріне әсерін мойындайды.
«Әрине, бұл «Тур де Франс» әдеттегіден салқын болды. «Тур де Франстың» басым бөлігінде ауа температурасы 25-тен 35 градусқа дейін болады және бұл шабандоздардың көрсететін нәтижесіне әсер етеді. Температура көтерілген бойда денеңізге әсер етіп, сіздің жұмысыңыз нашарлайды. CORE құрылғысының көмегімен шабандоздардың ішкі температурасы жаздың басқа күндеріндегідей, мысалы, біз биылғы «Критериум дю Дофине» немесе басқа жарыстардан алған мәліметтермен салыстырғанда жоғары болмағанын көруге болады. Осылайша, біз сыртқы температура мен дененің ішкі температурасына әсер ету арасындағы байланысты және бұл біздің шабандоздардың жұмысына қалай әсер ететінін анықтаймыз».
Иван Веласконың айтуынша оның міндеті – осы деректерді жинау және дене температурасы физикалық көрсеткіштер үшін маңызды болатын жағдайларды анықтау.
«Таулы кезеңдерге келер болсақ, шабандоздар бар күшін салып, жүктемелер көп болғанда CORE мәліметтері расымен де құнды. Сонымен қатар, жекелей жарыстарда біз максималды күш салу кезінде жақсарту бағыттарын анықтай аламыз. Шабандоздар өте көп жұмыс атқарады. Сондықтан CORE көмегімен біз организмнің жұмысына қалай жауап беретінін түсініп, сыртқы температура мен ылғалдылық сияқты әртүрлі сыртқы факторларды ескере отырып, осы деректердің санын анықтай аламыз. Сонымен, біз ағымдағы маусымды жаттығу маусымы ретінде қолданамыз және деректерді қалай жақсы пайдалану керектігін түсінгенде, әсіресе басқа нөмірлермен біріктірілгенде, біз бұл басқатырғыштың жаңа бөлігін анықтай аламыз. Әрбір шабандоз әр түрлі әрекет етеді. Кейбір шабандоздар ыстық кезеңдерде немесе, керісінше, суық мезгілде көбірек нәтижелі жұмыс істей алады. Енді біз мұның дене температурасының көрсеткіштерімен қалай байланысты екенін көре аламыз».
Бәлкім биыл «Тур де Франс» әдеттегіден салқын болған шығар. Алайда «Испания Вуэльтасы» бізге жаздың ыстық күндерінде өтетіні сөзсіз. Сондықтан жарыс кезеңі дене температурасының көрсеткіштерін түсіну тұрғысынан команда үшін өте маңызды болады.
«Біз «Испания Вуэльтасы» өте ыстық күндері өтетін білеміз. Ал «Джиро» мен «Турға» қатысқан шабандоздарың кейбірі «Вуэльтада» бақ сынайтындықтан, біз екі жарыстың да деректердің негізгі көрсеткіштерден айырмашылығын салыстырып көре аламыз».
Сонымен, біз күн шуағы күлімдеген Вуэльтаны к күтеміз!