Back To Top

Теңіз жағалауындағы Альпы және Вар департаменттерінің туры. 3-кезең. Патшалық таулы кезеңде Якоб Фульсанг 6-нәтиже көрсетіп, қорытынды классификацияда 8-орынға ие болды

Француздық «Теңіз жағалауындағы Альпы және Вар департаменттерінің туры» көпкүндік жарысы бүгін Блозаск маңында үшінші, яғни патшалық таулы кезеңмен аяқталды. Astana – Premier Tech командасының капитаны Якоб Фульсанг 6-орынға ие болды және жарыстың қорытынды классификациясында 8-орынға ие болды.

136 шақырымдық кезең бірінші санаттағы үш қиын асудан құралған. Ал жарыс жолындағы соңғы шың мәреге 24 шақырым бұрын оналасқан болатын.

Қазақстандық-канадалық команданың үш шабандозы – Горка Исагирре, Фабио Феллине және Уго Уль көшбасшы топпен бірге алға озып, аз уақытта пелотоннан айтарлықтай басымдылыққа ие болды. Финалға таяу Феллине мен Ульды негізгі топ қуып жетті. Ал Исагирре жарыс жолының соңғы 10 шақырымына дейін көш басында болды. Алайда оны арасында Astana – Premier Tech-тің капитаны Якоб Фульсанг және сары жейде иегері бар көшбасшының тобы жетті.

Фульсанг сары жейде иегерінің тобында өте белсенді өнер көрсетті. Бірнеше шабуылдар жасап, алға озған көшбасшыларды қуып жетемін деген үмітпен қарсыластарынан озуға тырысты. Бірақ, Фульсангтың тобына көшбасшыларды қуып жетіп, кезеңдегі жеңіс үшін таласқа түсуге 18 секунд қана уақыт жетпеді. Якоб өз тобынан спринтті жеңіп, үшінші кезеңде 6-шы орынға ие болды.

Көшбасшы топтың шабуылынан кейін италиялық Джанлука Брамбилла кезең жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орындарды британдық Тао Геоган Харт пен аустралиялық Бен О’Коннор иеленді.

Белсенді өнер көрсеткен Горка Исагирре жарысты 11-ші болып аяқтады.

Көпкүндіктің бас классификациясында Брамбилла жеңіске жетті. Якоб Фульсанг 8-ші, Горка Исагирре 12-ші және Харольд Техада 18-ші орындарға ие болды.

«Бүгінгі финалдық кезеңде команда өте жақсы жұмыс жасады. Көшбасшы топта біздің командадан үш адам болды. Ал мәреге бастайтын соңғы құлди жолында мен алдыңғы қатарға шықтым. Кезең нәтижесі бойынша 6-орынға, жалпы есепте 8-орынға ие болдым. Бұл нәтижеге менің көңілім толады. Алда мені бір күндік «Ардеш классикасы» және «Дром классикасы» деп аталатын біркүндік классикалық жарыстар күтіп тұр. Содан кейін Италияға барамын. Әрбір жарыстан кейін бабым жақсара түседі деп сенемін», – деді Якоб Фульсанг.

 

«Бүгін мен өзімді жақсы сезіндім. Біз кезең оңай болмайтынын және финал өте қиын болатынын алдын-ала білдік. Соңғы асудың алдында бәріміз бірге жұмыс істедік. Финалға таяу шабуылдар басталды. Мен асу алдында топтан сәл артта қалып қойдым. Бірақ, мен Якобтың артта екенін білдім. Сондықтан мен көмек көрсету үшін оны күттім. Өкінішке орай, кезеңде де, жалпы есепте де үздік ондық қатарына кіру үшін біраз уақыт жетпей қалды. Бірақ әзірге көрсеткен нәтижеме және қазіргі бабыма көңілім толады», – деді Горка Исагирре.

 

«Біз жарыстың финалдық кезеңін жүріп өттік. Соңғы асудың шешуші болатынын және жалпы есепке айтарлықтай өзгеріс әкелетінін білдік. Алда болғымыз келді.  Сондықтан біз Уго, Фабио және Горканы көшбасшы топ арасына жібердік. Үшеуі де тамаша жұмыс жасады. Олар бірнеше шақырым бойы алдыңғы қатарда болды. Мен, әсіресе, соңғы он шақырымға дейін көш басында болған Горканы ерекше атап өткім келеді. Соңғы асуда Якоб көшбасшыларға қосылуға тырысты. Бірақ шабандоздардың бірі бәрінен алға озып кетті. Дегенмен біз алғашқы сынақты өткізіп, жарысты үздік ондық қатарында аяқтадық. Енді көктемгі классикалық жарыстарға дайындаламыз», – деп қоса кетті спорт директорыДжузеппе Мартинелли.

Теңіз жағалауындағы Альпы және Вар департаменттерінің туры. 3-кезең. Блозаск – Блозаск, 136 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Джанлука Брамбилла (Trek – Segafredo); 2. Тао Геоган Харт (Ineos – Grenadiers); 3. Бен О’Коннор (AG2R Citröen Team).

AstanaPremier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 6. Якоб Фульсанг; 11. Горка Исагирре; 19. Уго Уль;

Жалпы есеп бойынша үздік үштік: 1.Джанлука Брамбилла (Trek – Segafredo); 2. Майкл Вудс(Isreal Start-Up Nation); 3. Бауке Моллема (Trek – Segafredo).

AstanaPremier Tech Жалпы есеп бойынша үздік үштік: 8. Якоб Фульсанг; 12. Горка Исагирре; 18. Харольд Техада.

Photo credit: @GettyImages